Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
1 - ден 5 - ке дейінгі сандар.
Тақырыбы: 1 - ден 5 - ке дейінгі сандар.
Мақсаты: 5 - ке дейін реттік санауды бекіту, тура және кері санауды меңгерту. Балаларға негізгі бес түстерді топтастыруға үйрету: ақ, қызыл, сары, көк, жасыл. Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін тексеру. Сипап сезу мен көру арқылы пішіндерді өз бетінше ажырата білуге үйрету. Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Тәрбиешінің іс – әрекеті
- Саламатсыздар ма, балалар!
- Балалар, бүгін ерекше күн, себебі бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық!
Біз әдепті баламыз
Алдыменен қонақпен
Амандасып аламыз.
Сәлем!- дейік үлкенге.

Жылулық шеңбер.
- Қане, балалар барлығымыз бір - біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы.
- Балалар, мынау ненің суреті?
- Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады.
- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын деп орнымызға отырайық
- Бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар туралы ашық оқу - іс әрекеті.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Кәне, атап шығайық… (Қыс, көктем, күз, жаз)
Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.

Мына шардың түсі қандай? (Ақ)
- Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?
Қыс. - Қыста жер қандай болады? (ақ)
Сары шарды көрсету
Мына шардың түсі қандай?
Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді. (күз)
- Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.
Жер беті сары кілемге ұқсайды.
Жасыл шарды көрсету.
Мына шардың түсі қандай? (жасыл)
Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді. (көктем)
- Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады.
Қызыл шарды көрсету.
Мына шардың түсі қандай? (қызыл)
Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.
Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады? (жаз)
Ғажайып сәт: Ішке жалқаубек кіреді.

Балалар, есікті біреу қағып жапқан сияқты, естисіңдер ме? - Хош келдің, сен кімсің?
Жалқаубек: - Сәлеметсіңдер ме, балалар, менің есімім. Мен көмек сұрап келдім. Маған апайым тапсырма берді. Сендер көмектесесіңдер ме?
1 - тапсырма: сандарды тура және кері санау.

2 - тапсырма: мына пішіндер қандай пішіндер деп аталады? Қанша бұрыштары бар? Түстері қандай?

Санамақ таяқшалардан қандай пішіндер құрастыруға болады? Жалқаубекпен ойын ойнайық. Геометриялық пішіндерге, сандарға байланысты сұрақ - жауап арқылы ойлау қабілеттеріңді байқап көрейік.
Енді балалар Жалқаубекке білімімізді көрсетейік.
1. Суретшінің қатесін тап
2. Ойыққа пішіндерді орналастыр.

3. Жоғалған сандар.

Ал балалар енді бойымызды сергіп алайық шаршаған шығарсыңдар.
Сергіту сәті:
1 дегенде тұрайық,
2, 3, 4,- алақанды соғайық.
Оң жаққа бұрылып, сол жаққа бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып, біз жүгіріп алайық.
5 дегенде асықпай, Орнымызды табайық.
Ал енді ойынымызды әрі қарай жалғастырайық.
4. Артық затты тап?
5. Қай пішін жоқ?

1 - ден 5 - ке дейінгі сандар. жүктеу
1 - ден 5 - ке дейінгі сандар. слайд жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама