Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
1 Маусым — Балаларды қорғау күні: Тілек, тақпақ, құттықтау сөз

1 Маусым — Балаларды Қорғау Күні: Тарихы, Маңызы және Құндылығы

1 маусым – дүние жүзі бойынша атап өтілетін Балаларды қорғау күні. Бұл күн бүкіл әлемдегі балалардың құқықтарын қорғауға және олардың жақсы өмір сүруіне ықпал етуге арналған. Бұл күннің пайда болуы мен даму тарихы тереңде жатыр және оның маңызы заманауи қоғамда өте зор.

 Тарихы

Балаларды қорғау күнінің тарихы 1925 жылға созылады, қашан Женевада өткен Бүкіләлемдік Балалар Конференциясында бұл күн ресми түрде белгіленді. Конференцияға дүние жүзінің көптеген елдерінен өкілдер қатысты. Олар балалардың өмір сүру жағдайларын жақсарту және олардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады. Осы кездесуден кейін, 1 маусым халықаралық деңгейде балаларды қорғауға арналған күн ретінде белгіленді.

Маңызы

Балаларды қорғау күні әрбір балаға денсаулық, білім алу, әл-ауқат және қорғаныш сияқты негізгі құқықтардың қамтамасыз етілуіне бағытталған. Бұл күн қоғамды балалардың құқықтарына деген саналы көзқарасқа итермелеуі тиіс, сондай-ақ балаларға қатысты кез келген түрдегі зорлық-зомбылықтың алдын алуға шақырады.

Бұл күн балалардың дамуына қолайлы орта құрудың маңыздылығын атап өтеді. Өйткені, сауатты және дені сау ұрпақ – бұл кез келген мемлекеттің дамуының н

егізі. Әлемнің көптеген елдерінде бұл күні әр түрлі іс-шаралар өткізіледі: конференциялар, семинарлар, мәдени шаралар, ойындар мен спорт жарыстары өтеді. Бұл іс-шаралар балалардың өздерінің құқықтары мен мүмкіндіктері туралы білімдерін кеңейтеді және олардың өз-өзіне деген сенімділігін нығайтады.

 Эссе

Балаларды қорғау күні – бұл тек балалар үшін ғана емес, сонымен бірге ересектер үшін де маңызды күн. Бұл күн бізге балалардың қоғамдағы орны және олардың әлеуметтік, эмоционалдық, физикалық және интеллектуалды дамуы үшін жасалатын күш-жігерлер туралы ойлануға мүмкіндік береді. Бұл күн – әрбір баланың өмір сүруіне жағымды әсер ететін орта құрудың маңыздылығын еске салады.

Бүгінгі таңда балалардың құқықтарын қорғау – бүкіл әлем бойынша өзекті мәселе. Бұл күні біз, ересектер, балаларымыздың жарқын болашағы үшін жауапты екенімізді мойындаймыз және олардың әрқайсысының дамуына ықпал ету үшін өз үлестерімізді қосамыз. Бұл күн бізге балаларға деген махаббатымызды және оларға деген құрметімізді білдіру үшін тағы бір мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, 1 маусым – Балаларды қорғау күні біздің қоғамымызда балаларға арналған қамқорлық пен қолдаудың маңыздылығын атап өтетін күн. Бұл күн балаларға арналған іс-шаралар арқылы олардың дарын

дары мен мүмкіндіктерін ашуға көмектеседі. Біздің міндетіміз – балаларымызға олардың болашағын жарқын ету үшін қажетті қолдау көрсету.

 

1 Маусым Балаларды Қорғау Күні

Балаларға арналған құттықтау, тілектер

 

1 маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз.

Сендерді 1 маусым "Балаларды қорғау" күнімен құттықтаймыз! Әр уақытта аспандарын ашық, дендері сау болып, Отанымыздың мақтанышы болуларына тілектеспіз!

Балаларға арналған құттықтау, тілектер

Құрметті балалар, достар, ата — аналар! Сіздерді бүгінгі 1 — маусым балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын! Жұртымыз, еліміз тыныш, деніміз сау, басымыз аман, жұмысымыз жемісті болсын!


Мектеп оқушыларын бүгінгі мерекелерімен құттықтаймын. Жас ұрпақ, жас буын, жасөспіріпдеріміз аман болсын. Елдің ертеңі болар сол жастарымыз бен балаларымыз! Сондықтан тағы да мереке құтты болсын!

1 маусым Балаларымызды қорғау күні құтты болсын! Балалар аман болсын, денсаулығы мықты болсын! Балалардың жолы ашық болып, ойлаған армандарына жетсін, біздердің қуанышымыз болсын!

 

1 Маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күні

1925 жылы Швейцарияның Женева қаласында өткен Балалардың денсаулығы мен бейбіт өмір сүруі туралы әлемдік конференцияда атаулы күннің негізі қаланды десе де болады. Неге басқа емес, дәл 1 маусым күнінің таңдалғандығы жайында нақты мәлімет жоқ. Деректердің бірі 1925 жылдың 1 маусым күні Қытайдың АҚШ — тағы бас консулы Сан — Франциско қаласында «Айдаһар — қайық фестивалін» тойлау үшін жетім балаларды жинаған екен деседі. Женевада өткен конференция да 1 маусымда өткен.

Екінші дүниежүзілік соғыстың салдарынан жетім қалған балалардың жайын 1949 жылы Парижде өткен әйелдер конгресінде көтерді. Осыған орай, келесі жылы 1950 жылы 1 маусымда алғаш рет мереке ұйымдастырады. Жаңа бастаманы көптеген елдер қолдап, осы күнді балалар мерекесіне айналдырды. Енді бір ресми деректерде Балалар күні алғаш рет 1955 жылдың қазан айында Женевадағы ”Балалардың әл — ауқаты халықаралық бірлігі” ұйымының ықпалымен дүние жүзі бойынша аталып өтті делінеді. 1954 жылы 20 қарашада БҰҰ — ның Бас Ассамблеясында Рубаб Мансурдың тарапынан балалар күнін атап өту бастамасы айтылады. Бұл бастама Бас Ассамблея қолдауымен БҰҰ — ға мүше елдерге ұсынылған.

Әлемнің көп елдері 1 маусымды Халықаралық балалар күні деп атап өтетіндігіне қарамастан, кейбір елдерде басқа күндері де мерекеленеді екен. ”Халықаралық балалар күні” Малайзияда қазан айының соңғы сенбісі күні, Оңтүстік Кореяда мен Жапонияда 5 мамыр күні, Сингапурда 1 қазан күні, Түркияда 23 сәуір күні тойланады. Ал Африкада балаларын қорғау күні 16 маусымға белгіленген.

Балалар бақшасында бүгін той!
Балаларды қорғау күні біліп қой
Алақай — ау, алақай
Той тойлайық, балақай
Қызарғанша алақан
Кел, соғайық балақай.

Бейбітшілік әніміз
өнерліміз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Балабақша аясында
Жадырайды жанымыз

Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша
Қуанышқа бөленген
өмір қандай тамаша

Гүлмен келсін келер күн
Бала — бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.
Басты қоссақ бәріміз
Біздер елдің сәніміз
Шаттық, бақыт, қуаныш
Елімізге сыйлаймыз.

Біз бақытты баламыз,
Ақылдымыз, данамыз
Ертеңгі күн еліміздің
Батырлары боламыз.

 

Бүкіл әлемде 1 — ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіп, ескі халықаралық мейрамдардың бірінен саналады. Оны өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды.

Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды.

Балаларды қорғау күні олардың өмірін соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес.

Дәл осы күні болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі — балаларға барлық жағдай жасау керектігі тағы да паш етіледі.

БҰҰ-ның жүргізген сауалнамасына жүгінсек, бүгінгі таңда әлемде әрбір оныншы бала үлкендер тарапынан жасалатын зорлық пен зомбылыққа ұшырайды екен.

Әлемде өмірі қатерге толы балалар да баршылық. Аш-жалаңаштық, соғыс өрті, терактілер балалар ғана емес, үлкендердің де психикасына кері әсерін тигізеді. Бұл- қорғансыз балалардың басына түскен үлкен ауыртпалық екендігі шындық.

Жасөспірімдер арасында нашақорлар саны өсуде, олардың жартысынан астамы ішімдік ішуден де кет әрі емес.

Осылайша, Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет — болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.

 

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама