Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
10-cыныпқа күнделікті сабақ жоспары 68 сағат (жаратылыстану бағыты)
Сабақтың үлгісі:
Тақырыбы: Кіріспе
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – оқушыларды жалпы географиялық заңдылықтар туралы өткен сыныптардағы ұғымдары мен түсініктерін жинақтап, қорытындылау негізінде ғаламшар табиғатының біртұтастығы жайлы білімді қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу, шығармашылық іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру. 
Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар
Сабақ түрі: Кіріспе сабақ
Оқыту әдістері: Проблемалық және шығармашылық әдіс

 Сабақтың жоспары: 

 
І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)
ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (19мин)
ІV кезең – бағалау кезеңі (2 мин)
V кезең – қорытынды (2 мин) 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама