Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
1001 мақал, 101 жұмбақ жарысы
1001 мақал, 101 жұмбақ жарысы
Мақсаты:
1. Оқушылардың халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту;
2. Xалық ауыз әдебиетін орынды қолдана білуге, шаршы топ алдында сөз жүйесін таба білуге үйрету;
3. Халық ауыз әдебиетін құрметтеп, оны дамытуға, тіл мәдениетіне, достық қарым - қатынасқа, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа, өз ұлтын сүюге, халық мәдениетін жалғастыруға тәрбиелеу.
Жарыс барысы.
- Құрметті көпшілік қауым! Бүгін мектебіміздің 4б - сынып оқушылары арасында «1001 мақал, 101 жұмбақ» жарысы өткелі отыр. Мұндағы мақсатымыз – халық ауыз әдебиетін дамыту, халық мұрасын сақтау және жалғастыру, тапқырлық пен ой ұшқырлығына тәрбиелеу.
Мақал - мәтелдер – ғасырлар шежіресі, онда халық тарихы, оның тіршілігі, ақыл өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал - мәтелдер ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдығымен ерекшеленеді.
Жұмбақтар да – ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Жалпы алғанда, жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді.
Oртамызда халық ауыз әдебиетінің ең жанашырларының бір тобы. Қа
рсы алыңыздар! Құрметті ойынға қатысушылар! «Қадамдарыңа нұр жаусын» дей келе, бүгінгі«1001 мақал, 101 жұмбақ» жарысын бастаймыз.
Жүргізуші: Oйын тәртібі: 4 - сыныптар арасынан үш баладан сайысқа қатысуы керек. Сайыс 6 бөлімнен тұрады
1. Кім жылдам?
2. Мен ұнатқан үш пән. (қазақша, орысша, ағылшынша сөз баламаларын табу)
3. Ойна да, ойла.(тоқтамай 9 мақал айту)
4. Әзіл аралас сұрақтар. (Сұрақтарға мақалменжауап беру)
5. Ойлап, тап!( жұмбақ жасыру)
6. Көрермендер көрімдігі. (жұмбақ шешіп, сыйлыққа ие болу)
І. Әділ - қазылар алқасын сайлау
ІІ. Жарысқа қатысушы топтарды таныстыру
ІІІ. Ойын барысы.
1 - сайыс: «Кім жылдам?» (Аталған сөзі бар мақал айту).
Мысалы: Адам. Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында.
1. КӨЗ 2. БАЛА 3. ТІЛ 4. ТУҒАН ЖЕР 5. ОТАН 6. ДОС
2 - сайыс: «Мен ұнатқан үш пән».
1… – адамның бауыр еті.
2. Жылы - жылы сөйлесең,… інінен шығады.
3.… оттан да ыстық.
4. Астың дәмі — …
3 – сайыс: «Ойна да, ойла». ( Тоқтамай 9 мақал айту).
4 – сайыс: «Әзіл аралас сұрақтар». (Сұрақтарға мақалмен жауап беру керек).
Мысалы:
- Жылан інінен қалай шығады?
- Жылы - жылы сөйлесең жылан інінен шығады.(Көмекке көрермендер де қатыса алады).
1. Қар жана ма? (Қалауын тапса қар жанар).
2. Инемен құдық қазуға бола ма? (Оқу инемен құдық қазғандай).
3. Аппақ қарға бола ма? (Қарға баласын «аппағым» дейді).
4. Не қорқақ не батыр? (Көз – қорқақ, қол – батыр).
5. Ең тәтті не? (Ананың сүті тәтті, баланың тілі тәтті).
6. Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне тары кіреді).
7. Кімнен кім жаман? (Олақтан салақ жаман).
5 – сайыс: «Ойлап, тап!». ( Жарысқа қатысушылар екі жұмбақтан жасырады, жұмбақ екінші рет қайталабауы тиіс).
6 – сайыс: « Көрермендер көрімдігі».( Көрермендерге жұмбақ оқылады, жауабын дұрыс тапқан бала сол затқа ие болады).
1. Aдамды тартып алар көрсе өзі,
Мелшиіп қарап тұрар болмай сөзі.
Жанына барған кісі екеу болар,
Бетіне түртіп қалсаң шығар көзі. (айна)
2. Бір нәрсе екі түрлі заттан болған,
Адамзат шығарады істеп қолдан.
Жұмсаймыз уақытымен тазалыққа,
Өмірі ақырында бітер содан. (сабын)
3. Қабат - қабат қаптама,
Ақылың болса аттама. (кітап)
4. Aт міндім қарала аяқ қаздақтатып,
Жүргенде жол салады табандатып. (қалам)
5. Бір нәрсе ала шұбар, қара тұмсық,
Қарасаң басқан ізі қисық - қисық,
Өзі жансыз, жандының күшіменен
Борайды ат үстінде желдей есіп. (қарындаш)
6. Келеді сапар тартып алуан жолдан,
Tамаша қызығы көп түспес қолда,
Қызығын оқысаңыз тамашалап,
Қаласың хабарласып барлық жайдан. (газет)
7. Аяғы бар жүрмейді,
Аузы бар күлмейді.
Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді. (қуыршақ)
ІY. Әділ - қазылар алқасының қорытынды сөзі.
Жүргізуші: Құрметті көрермендер! Осымен 4б - сыныптар арасында өткен «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты жарысымыз аяқталды.
«1001 мақал, 101 жұмбақ» атты ашық тәрбие сағатына сараптама 4б сынып
2014 жылдың қазанның 23 күні «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты ащық тәрбие сағатын өткіздім. Ашық сабаққа мектеп директоры, оқу ісінің меңгерушісі, тәрбие ісінің меңгерушісі және бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Ашық тәрбие сағатын өткізудегі мақсатым: 1. Оқушылардың халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту;
2. Xалық ауыз әдебиетін орынды қолдана білуге, шаршы топ алдында сөз жүйесін таба білуге үйрету;
1001 мақал, 101 жұмбақ жарысы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама