Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
11 сынып оқушыларына арналған дебат
11 сынып оқушыларына арналған «Бірыңғай мектеп формасын енгізу қажет пе?» дебат.

Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Ел президенті айтқандай «Бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек». Бұл міндетті атқару біздерге тікелей байланысты. қазіргі білім саласына қойылып отырған заман талабы өз ойы мен пікірі бар, шығармашылықпен жұмыс жасай алатын, қабілетті де құзыретті тұлғаны тәрбиелеу. Осы жолда мұғалімдер мен оқушыларға қойылатын міндеттер аса үлкен. Оқушы қандай болуы керек – деп сұрақ қойсақ, оның бір қыры баланың мәдениеті мен киіміне келіп соғады. Сондықтан біз бүгін оқушы киімі қандай болуы керек деген сұраққа жауап бере алсақ онда біздің дебатымыздың өз мақсатына жақындағаны деп есептейміз.
Сонымен бүгінгі дебатымыздың негізгі мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды жан - жақты ізденіс жұмыстарына баулу, мектеп формасының бірыңғай мектеп ережесінің тармағы екендігін, тәртіппен тәрбиеде мектеп формасының алатын орны туралы ой қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушыны көпшілік алдында еркін сөйлеуге, өз ойын жетік, толық жеткізуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға бағыттау.
Тәрбиелік: Талапқа сай бірыңғай мектеп формасының тиімді - тиімсіз жақтарын көрсету, оқушылардың ой пікірін дамытып, дүние танымын арттыру мақсатында рухани адамгершілік тәрбие беру.
«Таяқтың екі ұшы бар» дегендей Қазақстан мектептеріне бірыңғай мектеп формасын енгізудің де тиімді - тиімсіз жақтары бар. Біз осы жайында өз ой - пікірімізді таразыға салып көрейік.
Қатысушылар: Жақтаушы «Ақиқат» тобы, Даттаушы «Парасат» тобы.
Сайысымыздың ережелерімен бөлімдерімен таныстырып өтейін.

Сайысымыздың бөлімдері:
І. Кіріспе
1. Екі фракцияда үш спикерден болады.
2. Екі фракцияның спикерлері өздерін таныстырады.

ІІ. Негізгі бөлім
1. Негізгі кезең бұнда спикерлер аргументпен (дәлелдемелермен) мысалдар, статистикалық мәліметтермен таныстырады.
2. Екі фракцияның ұсынысарымен қосымшалары.
3. Екі фракция бір - біріне сұрақ қояды.

ІІІ. Қорытынды.
1. Залда отырған қатысушыларға 2 түсті карточка таратылады. Жақтаушы жақты қолдайтындар жасыл карточка, даттаушы жақты қолдайтындар көк карточканы жәшікке саламыз.
2. Төрешілер екі фракцияның сайыста жинаған сараптамалық дауыстарын жариялайды.
3. Қорытынды.

Сайысымыздың ережесі:
1. Бос айтыс, тартыстан аулақ болу.
2. Қарсыласыңды тыңдау, сыйлау.
3. Мысқыл сұрақтар қоюға болмайды.
4. Қарама - қарсы сұрақтарға берілген уақытты тиімді пайдалану.
5. Қосымша қойылатын сұрақтарға дайын болу шарт.
Сайысымыздың төрешілерімен таныстырайық:
------------------------------------
Сайысымызды бастамас бұрын жеребе таратылып қай фракцияның бірінші бастайтыны белгілі болады.
Ендеше бірінші бөлімге кезек берейік. Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырады. Уақытыңыз 1 минут.
Жақтаушы жақтың спикерлері (Ақиқат тобы. 3 оқушыдан)
Даттаушы жақтың спикерлері (Парасат тобы. 3 оқушыдан)
Жүргізуші: Қарсыластар өздерін таныстырып болған сыңайлы, енді негізгі кезеңге кезек берсек дейміз. Оқушылар бұл кезеңде өз пікірлерін айтады, оларды дәлелдейді, керекті фактілер, мысалдар, статистикалық мәліметтер келтіреді. Жақтаушы мен қарсы даттаушы жақтың спикерлері әр дәлел бойынша кезекпен кезек сөйлейді. Уақыттарыңыз шектеулі – 3 минут.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама