Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
120*3, 360:3 түріндегі жазбаша көбейту және бөлу
Математика 3 - сынып
Сабақтың тақырыбы: 120*3, 360: 3 түріндегі жазбаша көбейту және бөлу.
Сабақтың мақсаты: нөлмен аяқталатын сандарды баған түрінде көбейту және бөлу әдістерімен балаларды таныстыру.
Дамытушылығы: оқушылардың ой - өрісін дамыту, есептеу машықтарын жетілдіру.
Тәрбиелігі: тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу. Отанын қастерлеуге баулу.
Әдістері: сұрақ - жауап, көрнекілік, түсіндіру.
Көрнекілігі: карточкалар, суреттер, тест, кесте.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық кезең
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
7 - тапсырма 128 - бет. Теңдеулерді шеш.
Х: 9=45 -(18+12) --------- 7*у=100 - 37 ------------- х+40=34*3
Х: 9=15 --------------------- 7*у=63 -------------------- х+40=102
Х=15*9 --------------------- у=63: 7 -------------------- х=102 - 40
Х=135 ----------------------- у=9 ------------------------ х=62
135: 9=45 -(18+12) ------- 7*9=100 - 37 ------------- 62+40=34*3
15=15 ----------------------- 63=63 --------------------- 102=102

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Мұғалім түсіндірмесі.
120*3=12*10*3=12*3*10=36*10=360
12онд. *3=36онд.
Баған түрінде орындауды түсіндіру.
Жазамын: бірінші көбейткіш - 120, яғни 12 ондық. Ондықтың астында екінші көбейткіш - 3.
Ондықтарды көбейтемін: 3*2=6, 6 - ны ондықтардың астына жазамын.
Жүздіктерге көбейтемін: 3* 1=3, 3 - ті жүздіктің астына жазамын. 0 - ді түсіремін.
Жауабын оқимын: 360

2. Бөлудің қалай орындалғанын түсіндіру.
360: 3=(36*10): 3=36: 3*10=120
36 онд.: 3=12 онд.
Жазамын: бөлінгіш - 360, бөлгіш - 3. Бірінші толымсыз бөлінгіш - 3 жүздік. Бөліндіде 3 цифр (жүздік, ондық, бірлік) бар.
Жүздіктерді бөлемін: 3: 3=1, 1 - ді бөліндіге жазамын.
Ондықтарды бөлемін: 6: 3=2, 2 - ні бөліндіге жазамын.
Бірліктерді бөлемін: 0: 3=0, 0 - ді бөліндіге жазамын.
Жауабын оқимын: 120

3. Оқушылар амалдардың орындалғанын түсіндіреді.
№3. Өрнектерді баған түрінде жазып, есепте.
550: 5
420*2
260: 2
420: 7
320*3
840: 4
480: 4
160*2
340*2

4. Ойын. «Кім жылдам?».
№ 4
Өздік жұмысы ретінде орындалады. Қысқаша жауабы жазылады.

5. Ойын. «Жауабын тап».
№. 7
а) 180 м*4 -------------------- 498 см+302см
960л: 3 -------------------- 1000см - 604см
129 дм+478дм -------------------- 600 м - 98 м
ә) Сурет жұмбақ шешу. Отанға байланысты.

6. Сергіту сәті.
7. Практикалық жұмыс.
№ 5. Қысқаша жазу бойынша есептер құрастыр.
а) Бірінші үйде - 164 тұрғын
Екінші үйде -?, 2 есе артық
Үшінші үйде -? тұрғын
Барлығы - 810 тұрғын

ә) 1 - ші кітапта - 342 бет
2 - ші кітапта -?, 2 есе кем
Бір - бірінен неше бет артық?
8. Шығармашылық тапсырма.
Әр бөліктегі сандардың қосындысы 13 - ке тең болатындай етіп сағат бетін 6 бөлікке бөл.
---------------12
-------11 --------------- 1
--10 ----------------------- 2
9 ------------------------------ 3
----8 ---------------------- 4
----------7 ------------- 5
-----------------6
9. Сабақты қорытындылау.
Біз не үйрендік?
а) Тест
ә) Көрсетілген бағыт бойынша амалдарды орында.
10. Бағалау
11. Үйге тапсырма.№ 6

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама