Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
1930 жылдардағы қоғамдық - саяси өмір
Сабақтың тақырыбы: 1930 жылдардағы қоғамдық - саяси өмір
1930 жылдардағы кеңестік қоғамда орнаған саяси режімге сипаттама бере отырып, мемлекеттің жеке адам үстінен абсолюттік билік орнатуының нәтижесінде орнаған тоталитарлық тәртіптің және зиялы қауымды жаппай қудалаудың мәнін ашып көр сету.
Сабақтың міндеті:
а) білімділік - Оқушыларға Қазақстанда қоғамдық құрылыстың тоталитарлық моделін бекіте түсу 20 - 30 жылдары үзіліссіз жүргізілген саяси қуғын - сүргін шараларына ұласқандығы туралы түсінік беру.
ә) дамытушылық - Салыстыру, талдау қабілеттерін дамыта отырып, өз ойын еркін білдіре алуға және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, топтық жұмыс істеу арқылы олардың бойында ізденгіштік, шығармашылық, танымдық қабілетін дамыту.
б) тәрбиелік - Патриоттық, болашақта саясатқа араласа алатын саяси сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Оқушыларды отан - сүйгіштікке, достарын тыңдай білуге, өзін дұрыс ұстап, саяси түрде ойын, пікірін дұрыс жеткізуге үйрету. Оқушыларды бірлікке, топтық жұмысқа, сыйластыққа, мәдениеттілікке, еңбексүйгіш - тікке, ұлтжандылыққа баулу.
Сабақтың түрі: Интеллектуалды - танымдық сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, карта слайдтар, тірек - сызбалар, суреттер, буклеттер.

Сабақтың барысы мен І. Ұйымдастыру бөлімі.
құрылысы:

Сыныпты топқа бөле отырып, оқыту.
Сынып оқушыларын жұмыс жоспарымен таныстыру.
1 - тапсырма. Сабаққа бетбұрыс стратегиясы. «Ұлы есімдер сөйлейді».
1) «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды...!»
2) «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды».
3) «Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайда жоқ. Нарлар алысар, ал шаруасын бұзып, қанын төгетін – сорлы халық болар. ХХ ғ. Еуропа патшаларының қылған ісі кімнің алдында ақталмақ?».

(А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, Т. Рысқұлов, С. Сәдуақасов)

Әр топ дұрыс берген жауабына қарай топтың аты анықталады.
2 - тапсырма. Қызығушылықты ояту кезеңі.
«Ой қозғау» стратегиясы.

Сызбаны толтыр.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама