Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
2 цифры және санымен танысу. Қысқа, ұзын. Сопақша (өзге фигуралардың арасынан табу)
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қарапайым математика.
Тақырыбы: 2 цифры және санымен танысу. Қысқа, ұзын. Сопақша (өзге фигуралардың арасынан табу)
Мақсаты: 2 саны және цифрымен таныстыру: 2 цифрын жазып үйрену, «кеше», «бүгін», «ертең», түсініктерін айыра білуге үйрету: «алыс», «жақын» түсініктерін айыра білуге үйрету.
Көрнекілігі: Суреттер, геометриялық пішіндер, сан, қысқа, ұзын заттар, сопақша пішінді суреттер.
Қолданылатын әдіс – тәсілдері: жұмбақтар шешу. Цифр таңбасымен танысу, сұрақ – жауап.
Сөздік жұмыс: 2 саны, сопақша, ұзын - қысқа.
Билингвальды компонент: екі - два, цифр - сан.

Мотивациялық қозғаушылық Педагог балаларды жылулық шеңберіне жинайды. Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, бірге қайталайық. Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік.
Өткен оқу іс - әрекетін қайталау.
1 санын қайталайды. Суреттер арқылы қияр - 1, қызынақ, баялды, кәді, тәтті бұрыш)
Ой қозғау. Санамақ жасыру.
Далада жүрген сиырдың,
Іші пысты, жалықты.
1 сиыр келіп қасына,
Қатары оның толықты.
Далада неше сиыр жайылды?

Ұйымдастырушы - іздестіру

Бүгінгі оқу іс - әрекетінде «2 цифры және санымен танысу.
Қысқа, ұзын. Сопақша (өзге фигуралардың арасынан табу) тақырыбымен танысамыз. Фигуралардың арасынан сопақша пішінді, ұзын - қысқа заттарды жинақтау. «Флипчарт» қолдану.
Мына үй жануарларының ішінен қай жануар екеу болып тұрғанын айтамыз. Қой - 2, шошқа - 2 т. б.
Педагог жұмбақ - өлең оқиды;
Басында бар ілмегі,
Ортасында тірегі.
Толқып қанша жүрсе де,
Тұрады екінші үнемі «2 саны» Суреттерге қарап сұраққа жауап береді.
2 затты топтастыру
Жұмыс дәптеріндегі №1 тапсырманы орындатады.
«Басқа цифрдың ішінен 2 цифрын қызылмен, 1 цифрын көк түспен қоршау»

Ойын: «Кім көп біледі?» 1 және 2 сандарына байланысты заттарды топтастыру. Сопақша пішінді заттарды табу. Жұмыс дәптер №2 тапсырма. 2 цифрын табу.

Ойын: «Тапқыр болсаң, тауып көр»
Сандардың ішінен 2 санын табады, қызыл түспен белгілейді.

Сергіту сәті «Санамақ» орындатады. Бейнеролик «Әли мен Айя»- Санамақ - YouTube[via torchbrowser. com]
Біз ботақан екеуміз,
Есептеуге бекенбіз.
Ақтөс келіп қосылса,
Үшеу болып кетеміз.
Бір ауылда бірге өскен,
Бар қызықты бір кешкен.
Көжек, бота, Аянмен,
Біз нешеуміз Ақтөспен.

Жұмыс дәптер № 3 тапсырманы орындатады.
Жеке жұмыс жүргізеді.
Сөздік жұмыс: 2 саны, сопақша, ұзын - қысқа.
Билингвальды компонент: сан - цифр, екі - два
2 цифрын жазып үйрену

Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай ауылы
"Балбөбек" балабақшасының тәрбиешісі
Махмутова Гүлжазира Сиражеденқызы

2 цифры және санымен танысу. Қысқа, ұзын. Сопақша (өзге фигуралардың арасынан табу) жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама