Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
2018 жылдан бастап жылына кемінде 50 мектеп салу керек - Сағадиев

2018 жылдан бастап Қазақстанда жылына кемінде 50 мектеп салу керек. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі отырысында еліміздің Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты.

«Қазақстанда 2015 жылғы 1 қазандағы мәліметтер бойынша 156 апатты және  үшауысымды мектеп болған.  Оларды жою 2018 жылдың аяғына жоспарланып отыр. Көбісі Алматы  және Оңтүстік Қазақстан облыстарында. Енді, 2015 жылы 6 мектеп салынса, биыл 51 мектеп салынып отыр. Келесі, 2017  жылы 99 мектеп салынып, ашылады. Жыл сайын оқушылардың санының өсуі мен урбанизация үдерістері жүріп жатыр. Әрі қарай қалаларда мектептерді салу керек де есептейміз»,- деді министр.

Оның атап өтуінше, министрлік мектеп тапшы өңірлердің арнайы картасын әзірлеген. Аталған құжатқа сәйкес 2018 жылдан бастап жыл сайын кемінде 50 мектеп салу қажет болмақ.

«Министрлік бюджет қаражатын игеру бойынша ай сайын мониторинг жүргізіп отырады. Ағымдағы жылдың 8 айының нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар шарттардың кеш жасалуына, сот істеріне байланысты 3 млрд. теңгені игермеген. Осы мониторингке сәйкес 5 миллионға жуық қаржыны  Астана, Алматы қалалары, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары  өз уақытында жұмсай алмай отыр», - деді Е.Сағадиев.

Автор: Марлан Жиембай

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама