Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
3 сағаттық дене тәрбиесімен айналысуды ұйымдастырудағы жалпы білім беретін мектеп оқушыларының дене қасиеттерінің дамуы
3 сағаттық дене тәрбиесімен айналысуды ұйымдастырудағы жалпы білім беретін мектеп оқушыларының дене қасиеттерінің дамуы

Дене тәрбиесінің күрделі мәселелерінің ішінде балалардың негізгі қозғалу қасиетін дамыту сияқты кәсіби мәселе ерекше орын алады. Мектептегі оқу - тәрбиелік жұмысты ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болып табылады. Дене тәрбиесінің әрбір сабағы оның бір мақсатқа бағытталған ашық және айқын педагогикалық тапсырмалары оның мазмұнын әдістерін таңдауды, тәрбие мен оқудың құралдарын оқушыларды ұйымдастырудың әдістерін анықтайды. Әрбір сабақта бір - бірімен байланысты оқу, сауықтыру дамыту және тәрбиелік мақсат міндеттер кешені шешіледі.
Дене тәрбиесі сабағының ең басты міндеттерінің бірі балалардың негізгі қозғалыс қасиеттерін дамыту болып саналады. Оқушылардың физикалық қасиеттерін тәрбиелеу, физикалық және мидың жұмыс істеу қабілетінің дамуына себеп болады, сонымен қатар ағзаның біркелкі қалпын сақтап тұруын қамтамасыз етеді.

Аптасына 3 сағаттық көлемде дене тәрбиесін ұйымдастыру оқушылардың қозғалыс қасиеттерінің қарқынды дамуын қамтамасыз етеді.
Дене тәрбиесі процесінде қозғалыс бірден іске аспайды, ойланып, бір мақсатқа бағытталған принциптер, ережелер дене тәрбиесінің аумағында құрылған нормалар бойынша іске асады, дене тәрбиесіне сәйкес келетін және оның тиімділігін арттыратын (қатаң уақыт пен мінезделетін дене жаттығулары, қозғалыстың функционалды - ойын және спорттың түрлері) түрлерде беріледі.
Қозғалысты ұйымдастырудың түрі ретінде балалардың ойын жарыстарын қолдану кеңінен пайдаланылады.
Қозғалу қабілетін тәрбиелеуді үйрету мақсатында белгілі бір міндеттерді шешетін арнайы тәсілдер құрылған. Нәтижесінде әдістердің 3 түрі пайда болды: қатаң уақытпен жасалынатын жаттығулар әдісі, ойын және жарыс әдістері. Бірақ, ешқандай әдіс қанша жақсы болса да, басқалардан бөлек бір өзі толық мәнде қарастырылмайды. тек қана әдістерді біріктіріп қолдану арқылы дене тәрбиесінің кешенді мақсатын іске асырады.

Қатаң уақытпен жасалатын жаттығу әдісі айналысушыларды ұйымдастырады, уақытты толық пайдалануын қамтамасыз етеді:
- қатаң сақталуға тиіс қозғалыс бағдарламасынан тұрады. (қатаңдығы қайталаудың тәртібінде және бір - бірімен байланысында)
- ауырлықты дәл мөлшерлеу және оның динамикасын жаттығу барысында басқару және де демалыс аралығын мөлшерлеу.
- айналысушылардың іс - әрекетің басқаруды жеңілдететін сыртқы жағдайларды жасау және пайдалану. (қосымша құралды, тренажерлерді т. б пайдалану) Осылардың барлығы жаңа қозғалысты меңгеруге қажетті жағдайлар жасайды және физикалық қасиеттердің дамуына дәл бағытта әсер етуіне кепілдік етеді.(3)
Физикалық қасиеттердің тәрбиелеу процесінде, бағыттау - таңдау жаттығулары әдісі және қатар әсер ету әдісі (бір уақытқа бағытталған әсер ету жаттығулары) пайдаланылады
Ойын әдісі тек қана қозғалыстың бастапқы үйретілулерінде ғана емес, сонымен қатар қозғалудың қиындатылған жағдайларында да қолданылады.
Дене тәрбиесінде ойын кешенді материал есебінде құрылады( әр түрлі жаттығулар жасай жүгіру, кедергілерден өту, допты қағып алу т. б). Сонымен қатар кенеттен пайда болған қозғалысу міндеттерін тез және үзіліссіз шешу мен байланысты операциялардың жоғары динамикалығына тән, бұл қозғалыс қасиеттерінің дамуының ең басты факторы.
Жарыс әдісі әртүрлі педагогикалық міндеттерді шешуде қолданылады: физикалық моральдық, ұстамдылық қасиеттерді дамыту.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама