Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 10 сағат бұрын)
3 санына көбейту және бөлу кестесін құрастыру
Мектеп: Мәриям Хәкімжанова атындағы 20 орта мектеп
Мұғалімнің есімі: Серік Б. Қ.
Бөлім: Көбейту және бөлу. Есептер
Сабақ тақырыбы: 3 санына көбейту және бөлу кестесін құрастыру
Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары) 3 - ке көбейту кестесін құрастыру, көбейту мен бөлуге берілген тапсырмаларды орындау.
Бағалау критерийі: Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Ресурстар: Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Алдыңғы оқу: 3, 4, 5, 6 сандарын 3 - ке көбейту кестесі.

Сабақтың басы
10 минут Психологиялық дайындық
«Жүректен - жүрекке» - тілек айту
Шағын топтарға біріктіру. Гүл күлтешелеріндегі өрнектің мәніне сәйкес сандарды табу арқылы топтасады.
Топ жетекшісін сайлау, ережені қайталау, бағалау парақшасын ұсыну, бағалау критерийлерімен танысу.
1. Ыстық орындық» - 2 мен 3 тің көбейту кестесін еске сақтауларын бақылау
2.«Анаграмма шеш»
1 - топ: суреттегі сөзден ә, б әрпінің орнына е, г әрпін қойсаң қандай сөз шығады?
2 - топ: Соңғы әрпін алып, басына ж әрпін қойып, оқы
3 - топ: б мен қ әрпін алып тастап, орнына ғ мен з қойып оқы
4 - топ: ұ - ның орнына о қойып оқы
- Не шыққанын түсіндір.
- Бүгінгі сабағымыз қандай сандарға арналады, оларды не істейміз?

Сабақтың ортасы
№1 - Т. «Ойлан, жұптас, талқыла» Әр топтан бір оқушы қалай орындалғанын ережелерге сүйеніп түсіндіреді.
№2, №3 а, ә – Т. «ЖИГСО» әдісімен орындайды, тақтаға спикер шығып қорғайды, жазады. Қалған оқушылар тексеріп, дәптерге жазады.
Бағалау критерийі:
Қысқа шартының дұрыс жазылуы - 1 балл
Сұрақ дұрыс қойылуы - 1балл
Шешуінде амалды дұрыс таңдауы - 2 балл
№3 б\- оқу, талдау, тақтада шығару \ С деңгей\
Сұрақ:- Қағазды қалай өндіреді?
- Жер шарында қанша адам бар?
№5. «Кім жылдам?» ойыны топтық жарыс.
4 бағаны әр топқа беріліп, санаулы уақытта аяқтауын қадағалау.
№6. «Ыстық микрофон». 8, 5, 7, 10 асықтан беріп, үш - үштен неше балаға беруге болатынын, нешеуі артылып қалатынын іс - әрекет арқылы көрсеткізу.

Деңгейлік тапсырмалар:
С деңгей. Көбейтуге байланысты тест жұмысын орындайды.
В деңгей:№7. Өрнектер құрып мәнін табады, бір - бірін бағалайды.
А деңгей: зерттеу өзгешелігі бар тапсырма:
Ұзындығы \3*а\ см кесінді сыз, мұндағы а=2, 3, 4
Асқар 1 дәптер үшін200 тг төледі. Кәрім осындай 3 дәптер үшін неше теңге төледі.
Теңдеуді есептемей - ақ шеш:
83*7=x*83
58*4=4*x
8+8+8=x*3
x*3=15+15+15

Үй тапсырмасын беру: №4 – дәптерге орындау, кестені жаттау.
Бағалау. Топ жетекшілерінің бағалауын тыңдау, өзін - өзі бағалау «Блоб ағашы», Топтарды бағалау.
Кері байланыс: Бүгінгі сабақтан білгенім, Сабақта ұнағаны, Сабақта ұнамағаны

3 санына көбейту және бөлу кестесін құрастыру. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама