Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
326*3 және 978: 3 жағдайларындағы жазбаша көбейту және бөлу
Сабақтың тақырыбы: 326*3 және 978: 3 жағдайларындағы жазбаша көбейту және бөлу.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға 326*3 және 978: 3 жағдайларындағы жазбаша көбейту және бөлу туралы білім қалыптастыру.
ә) Есептеу, есте сақтау қабілетін ой - өрісін, өз бетінше тапсырма орындау қабілетін дамыту. Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру.
б) Шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік, проблемалық;
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, жауқазын гүлі, алма ағашы, түлкі, тауық балапандарымен, ребустар, есеп жазылған плакат.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Өткенді қайталау. Қонақтардың сендерге дайындап әкелген сұрақтары бар. Енді сол сұрақтарға ауызша жауап берейік. (Бұл сұрақтар өткен сабақтарға байланысты).
1. Қандай санды 5 - ке көбейткенде 25 шығады? 2. 2 - шығу үшін 12 - ні нешеге бөлеміз?
3. Ойлаған санды 8 - есе арттырғанда 80 шықты. Ойлаған санды тап? 4. Ойлаған санды 5 - ке арттырғанда 50 шықты. Ойлаған санды тап? 5. 24 теңгенің 4 - тен бір бөлігі? 6. 10 см – дің 2 - ден бір бөлігі? 7. Ұзындығы 4 см, ені 2 см тік төртбұрыштың ауданын тап.

IІІ. Жаңа сабақ: 326*3 және 978: 3.
326*3 1. 326 санының бірлігін, ондығын және жүздігін атау 3 жүзд.- 300 2 онд.- 20 6 бірл.- 6
Осылардың әрқайсысын 3 - ке көбейтеміз. 300*3=900 20*3=60 6*3=18 900+60+18=978
Енді осы өрнекті баған түрінде есептейік.
Балалар мен бүгін үстелдің үстінен хат тауып алдым. Ол сендерге арналған ішінде бірдеңе бар сияқты. Мынау гүлдің бөлшектері ғой.(Оқушыларға көрсету)
- Ендеше хатты оқиық. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сіздің сыныпқа үлкен өтінішпен келдім. Маған сіздердің көмектеріңіз керек. Мен де сендер сияқты есептеу мен санауды үйренгім келеді. Мен жер бетіне құлпырып шыққым келеді. Маған көмектесіңіздерші.
- Мені қандай гүл деп ойлайсыздар? Көктемде алғаш күн күркірегеннен кейінгі шығатын қандай гүл? Жауқазын (балалардың жауабы) - Ендеше біз жауқазын гүлінің жер бетіне шығуына көмектесейік. (оқулықпен жұмыс) Жауқазынның тапсырмасы: №1
437*2, 874: 2
Өте жақсы. Міне жауқазынның бірінші тапсырмасын орындадық. Жер бетіне жауқазынның несі шығады? (сабағы) тақтаға ілу.
Жауқазынның тапсырмасы №2. Сабақтан кейін не шығады? (жапырақ)

(42+18)*6=360
(28+28): 7=8
(17+25): 3=14

(226+152): 3=126
(132+274): 2=203
(150+216)*3=1098

480: 3+26*20=680
(27+3)*30+43*20=1760
846: 2+380: 5=499

Жауқазынның тапсырмасы: Есеп 3. x*5=50 x=50: 5 x=10 10*5=50 50=50
Дұрыс міне барлығымыз тапсырманы орындап болсақ жапырақтан кейін не шығады? (гүлі шығады)
Өте жақсы. №4 А) 108*8=864 Ә) 650: 5=130 Б) 678: 6=113

IY. Сергіту сәті.- Енді ары қарай «Алма теру» ойынын ойнаймыз.№5.

420: 2+100: 5=230
164: 4 - 84: 4=20

109*2 - 99: 9=207
369: 3+16*4=187

480: 4=120
75: 5=15

Y. Бекіту (жасыл қоршау: 7+9 - 8 - 4+3+5=12) №7. Өз бетімен орындау. YІ. Бағалау
YII. Үйге тапсырма.№6.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама