Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
4 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі: 1, 10 көлеміндегі санға 4 - ті қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру.
ә) Дамытушылығы: Ойын ойнау арқылы оқушылардың ойлау, танымдық қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелілігі: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, тапқырлыққа ізденімпаздыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойындар сайыс.
Сабақтың түрі: ойын, сайыс, аралас сабақ.
Көрнекілігі: үлестірмелі карточка, магнитті сандар, әртүрлі фигуралар, суреттер.

Сабақтың барысы: 1. ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Аппақ, аппақ, далада,
Қыс мезгілі тамаша.
Ойлауменен есеп шешіп,
Серпілейік жаңаша.
Сабаққа қатысқан оқушыларға бағалауды түсіндіріп өту.

2. үй тапсырмасын сұрау: өрнектерді салыстыру.
2+4*6 - 1
5+1*9 - 2
3+5*10 - 2
4+3*9 - 3
4 - 1*2+3
8 - 0*1+7
3. ай тапсырмасын бекіту: (үлестірмелі карточка арқылы)
3+1
4 - 1
3+3
6 - 3
Балалар біз санамай айтып білеміз бе? (Ия) Ендеше мына сандарды санамақ айтып өсу ретімен орналастырсақ, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шықпақ.
Санамақтар айту. 1 саны: Достар мені бір дейді,
Қарайды да бүйдейді.
Мұқтажсың қол, аяққа,
Ұқсап тұрсың таяққа.
2 саны: Мен екімін балалар,
Алаңғасар жалқаудың
Алатыны екілік
Басын шайқап өкініп.
3 саны: Мен ғой үштің таңбасы,
Зейін қойып тыңдашы,
Шідерлі аттай тұсалап
Жүр біреулер үш алып.
5 саны: Әр қолыңды бес саусақ,
Жетпейді оған еш саусақ,
Бір мен екі алмаңдар
үшке алданып қалмаңдар.
- Балалар, байқадыңдар ма, қандай сан жоқ?
- 4 саны жоқ.
– Ендеше, 4 санын шақырайық.
4 саны: Достарым мені төрт дейді
Беске бірім жетпейді
қуанады анасы
Төрт алғанда баласы.
– Қош, балалар, сандарды орналастырайық.
Орныңды тап!
- Балалар, көрдіңдер ме, 4 саны 3 санынан кейін, 5 санының алдында тұрады.
4. Жаңа сабақ: 4 санын қосу және азайту.
Бүгінгі сабақта 4санына байланысты өз білгендерімізді айта кетейік:
4

бұрыш
мезгіл
түлік
тұс

4 санының құрамын еске түсіру.
4 санын қосу және азайту тәсілдерін түсіндіру.
Балалар, біз бүгінгі математика сабағымызды 3 топқа бөлу арқылы өткіземіз. Біз бәріміз сайысты ұнатамыз солай ма? Ендеше алғырлар тобы, білгіштер тобы, тапқырлар тобы болып 3 топқа бөлінеміз. Сайысымызда қызықты есептер, ойындар, тапсырмалар орындаймыз.

Дәптермен жұмыс:
Қолға ғалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз.
Жалқаулықты біз тастап,
Жақсы бала боламыз.

а) Көркем жазу. 4 4 4 4 4 4 4
№1 тапсырма: Домино тастарындағы нүктелерді санай отырып өрнектер жазу:
4+4=8
5+4=9
6+4=10
8 - 4=4
9 - 4=5
10 - 4=6
Сергіту сә ті: Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ.
Беске бесті қосқанда,
Болады екен он саусақ.

«Кел ойнайық!» ойынын ойнау. а) Балықтарды аквариумға орналастыру;
ә) Кім жылдам? ойыны.
Сайысты әрі қарай орындаймыз.
№2 тапсырма: Сандар қатарының көмегімен есептеу тәсілі:
0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
4+4=8
8 - 4=4
2+4=6
6 - 4=2
Оқулықпен жұмыс:
Сайысымызды әрі қарай жалғастыру.
№3, 5 тапсырмаларды орындау (ауызша) Миға шабуыл. Математикалық жұмбақ есептер:
6 алманың үшеуін
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады
(6 - 3=3)

Алма ағашта 4 алма,
Қандай тәтті, десе алма
Төртеуін де жеп қойсам,
Қалады онда неше алма?
(4 - 4=0)

Табақта 2 өрік
Қолымда 4 өрік
Қосқанда барлығын
Болады неше өрік?
(2+4=6)
Қорытындылау.
Үй жұмысы: 4 - есеп.
Бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама