Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
5 - ке дейін санау тура және кері санау
Тақырыбы: 5 - ке дейін санау тура және кері санау
Білім беру саласы: Таным
Оқу қызмет түрі: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Мақсаты: реттік санауды үйрету, Қанша? Нешінші? сұрақтарына жауап беруге үйрету, математикалық жұмбақтарды шешуді үйрету, санның заттардың кеңістікте орналасуына қатысты жоқтығын түсіндіру, заттың санын цифрмен сәйкестендіруді үйрету, заттардың сұлбасынан геометриялық фигураларды табу.
Үлестірмелі матер - р: көліктер суреті, цифрлар карточкасы, геометриялық фигуралардан құрастырылған көліктер.

«Жұмбақтың шешуін тап» ойыны.
Педагог балаларға екі, үш, төрт, беске байланысты жұмбақтар жасырады.
Екі аяғым оны
Кезек - кезек тебеді
Тепкен сайын
Алысқа желеді
Педагог сұрақ қояды;
Жұмбақтарды шешуге қандай сандар көмектесті?
Жұмбақтың шешуі велосипед
Екі, үш, төрт, бес

1 - тапсырма: Педагог балаларға тапсырма береді.
- Балалар гаражға кіріп бара жатқан көліктерді бояңдар. Біріншісі қызыл, екіншісін сарымен, үшіншісін жасыл түспен бояңдар.
- Гаражға барлығы неше көлік кірді?
Педагог гараждан шыққан кезде соңғы машинаның бірінші, ал бірінші машинаның соңғы болатынын айтады. Педагог гараждан шығып келе жатқан көліктерді бояуға тапсырма береді.
- Жасыл машина гараждан нешінші болып шықты?
- Ал қызыл ше?
- Екінші қатардағы сары машина нешінші?
- Бірінші қатардағы қызыл машина ше?
- Бірінші қатардағы жасыл машина нешінші?

Сергіту минуты:
Оңға бір қадам
Солға бір қадам
Айналып билейміз
Алға бір қадам
Артқа бір қадам
Айналып билейміз

2 - тапсырма: педагог сұрақ қойып тапсырма береді.
- Үшбұрышта неше дөңгелек бар?
- Дөңгелекте неше шаршы бар?
- Шаршы мен дөңгелектегі фигуралардың саны туралы не айтар едіңдер?
- Үшбұрыштағы, дөңгелектегі фигуралар санына сәйкес келетін цифрды бастырып жазындар.
Асық ойын «Луллия шеңбері»
Мақсаты: Балаларға терең ойлау, өздігінен ізденіп, оқып - білу іс - әрекеттерін меңгерту. Санау тәсілдерін меңгерту.
Ойын шарты: екі бөліктен тұратын шеңбердің бірінде сандар жазылған. Келесі бөлігіне сол санға сәйкес асық орналастыру керек немесе түстеріне сәйкес орналастыру.
3 - тапсырма; педагог балалардың назарын үшінші тапсырмаға аударады.
Бес дөңгелек бар
Бес шаршы бар
Әртүрлі орналасқанына қарамастан дөңгелек пен шаршының саны тең
Арба үшбұрыш, дөңгелек, тіктөртбұрыштан құралған.
Балалар фигуралардың суретін салады.

- Бесікарба қандай фигура болса, шаршыларға сонша геометриялық фигураның суретін салыңдар.
- Неше фигура салдыңдар?
3 үшбұрыш
2 дөңгелек
2 тіктөртбұрыш

4 - тапсырма; балаларға машиналардың суретін көрсетеді.
Балалар суретші машиналардың суретін салды. Бірақ басқа затқа алаңдаймын деп кейбір бөліктерін салуды ұмытып кетіпті. Жоғарыда тұрған машинаны мұқият қарап шығып, төмендегі машиналарға жетпей тұрған бөлшектерді салып шығайық. Балалар машиналардың жетпей тұрған жерлерін салып шығады.

Асық ойын: «Өз орнын тап?»
Мақсаты: Балалардың сандардың реті туралы білімдерін бекіту. Тура немесе кері бағытта санау дағдыларын жетілдіру. Ойын ойнау арқылы байқағыштыққа, тез орналастыруға баулу. Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылығын арттыру.
Көрнекілік: 1 – ден 5 ке дейінгі сандар жазылған асықтар.
Барысы: Тәрбиеші балаларға асықтарды таратып береді. Ол асықтарда сандар жазылады. Балалардың міндеті сол қолдарындағы сандар жазылған асықты тура немесе кері бағытта ретімен орналастыру.(1, 2, 3 немесе 5, 4, 3 тб.)
Қорытындылау.

Атырау қаласы, Бірлік ауылы
№33 «Көркемай» балабақша тәрбиешісі
Мусина Индира Шынтимировна
5 - ке дейін санау тура және кері санау. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама