Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
5 - ке көбейту және бөлу кестесі
Тақырыбы: 5 - ке көбейту және бөлу кестесі.
Мақсаты: 5 - ке көбейту және бөлу кестесін ұғындыру, ауызша есептеуін жетілдіру.
Міндеттері:
1. Есеп шығару, амалдардың орындалу ретін пысықтау, қалдықпен бөлуді орындау.
2. Ой - өрісін дамыта отырып, пәнге деген қызығушылықтарын, таным - белсенділіктерін арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Белсенділікке, мейірімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау.
Оқыту әдісі: саяхат сабақ «Күзгі орманға саяхат».
Көрнекіліктер: Күз мезгілін суреті, аңдардың суреті, карточкалар, ойындар, тест, оқулық.

Сабақтың барысы:
1. Вводно - мотивационная часть.
2. Психологиялық икем.
Қайырлы күн, достар!
Бүгінгі күн, міне
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кіл бестіктер болсын!

1. Оқушылар бүгін біз математика сабағында күзгі орман саяхатына шығамыз. Күзгі саяхатында аңдардың, жануарлардың тапсырмаларын орындаймыз. Аңдардың сендерге сыйлықтары бар, ол үшін сабақта жақсы қатысу керек.
2. Айтыңдаршы қазір қай мезгіл?
- Демек, біз бүгін «Күзгі орманда саяхат» сабағын өтеміз.
- Күз айларын атаңдаршы?
- Орманда қандай аңдар мен жануарлар қалыпты?
- Қысқы дайындығы қандай екенің байқайық
- Кәне, орманда не бар екен?

Ауызша есеп.
- Аю бар екен. Аю тәттілерді жеп семіреді де, апанына жапырақтарды төсеп, ұйқыға дайындалады.
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп, теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
- Қане, балалар, құлпынайын терісіп жіберейік.
2*3
4*5
20: 2

5. Қатармен жұмыс: Есептерді салыстыр.
1) Дүкенге бірдей 3 жәшікпен жидек әкелінді. Бір жәшіктің массасы 8кг. Дүкенге неше килограмм жидек әкелінді?
- неше килограмм жидек әкелінді?
2) Дүкенге жәшіктермен 24 кг. Жидек әкелінді.
Бір жәшіктің массасы 8кг. Дүкенге неше жәшік жидек әкелінді?
3) Дүкенге әкелінген бірдей 3 жәшік жидектің массасы 24кг. 1 жәшік жидектің массасы қандай?

5 - ке көбейту және бөлу кестесі. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама