Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
5 – ті қосу мен және азайту тәсілдері
Сабақтың тақырыбы: 5 – ті қосу мен және азайту тәсілдері

Сабақтың мақсаты:
білімділік: 5 – ті қосу және азайту тәсілдері жайлы туралы түсінік бере отырып, бес санының мағынасын ақындардың өлең жолдары арқылы меңгерту.
дамытушылық: оқушылардың жан – жақты ойлануын, ізденуін, оқығанын есте сақтауын іс жүзінде қолдана білуге үйрету. Бір таңбалы санды ауызша қосып азайтуға дағдыландыра отырып, ойын есептер арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
тәрбиелілік: ұжым болып, жұмыс жасауға тапқырлыққа, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: Үйшіктер, сандар қатары, кілт.
Технологиясы: СТО және дамыта оқыту
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, қазақ тілі
Ақпараттық технологиясы: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
Психологиялық даярлық
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан
Барлық ғылым саған үйір болады.
Досың солар табылатын қасыңнан – дегендей қазір бізде математика сабағы.
Топқа бөлу:
Үй тапсырмасын тексеру.
№3 Қосылғыштарының біреуі 5 болатын қосындыларды ата.
Мәндерін тап:
Қызығушылығын ояту.
(Санамақ)
Қай кілт қай пәтердікі? (Слайд)
5 санын шығарып алып, Абай ақын туралы слайдтан көрсету
5 санын топтастыру
Актуальдау.
Абай.
Адам болам десеңіз
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Мағынаны тану.
Тақтада 5 саны ілулі (оқушылар 5 бірлік әкеліп іледі)
5 тг + 1тг + 1тг + 1тг +1тг + 1тг
10тг – 1тг – 1тг – 1тг – 1тг – 1тг
Ой ашар.
Ойлан, тап!
№1
ә) Асан – 5ж
Үсен – 10ж? жас үлкен
10 – 5 = 5 Ж: 5 жас үлкен
Жұмбақ, өлең есептер:

І топқа:
1) Уақ, біз едік, біз едік,
Отыз екі қыз едік.
Қатар – қатар тізілдік,
Кезек – кезек үзілдік. (Тіс)

2) Сегіз қияр базардан
Сатып алды Сәлімжан
Бес қиярды алғанда
Қанша қалды дорбада (8 – 5 = 3)

3) Бірін – бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім.
Қырық екі дос – жаран (42 әріп)

4) Айманда болды бес алмұрт
Әселге берді екі алмұрт –
Айманның қалды қолында
Неше алмұрт тез ойла (5 – 2 = 3)

Ой қозғау
№3. Есеп құрастыр және шығар
Қарындаш – 6 -------? артық
Өшіргіш – 1 -------- 6 – 1 = 5
Жауабы: Қарындаштың өшіргіштен 5-еуі артық

Сергіту сәті.
№4.
5 см + 1 см =..... см
см + 1 см =.... см

см + см =.... см
Логикалық тапсырма
Суретте неше үшбұрыш бар?
Ұзындық өлшем бірліктерін ата (мм, см, дм, м)
Геометриялық фигураларды топтастыру

Ой қорыту.
(Топ аралық жарыс)
Жаңылтпаш, кімді жаңылтпас
Екі топқа бір – бір жаңылтпаш беріледі, сол жаңылтпашты жаңылмай қайталайды.
Ойын: Өз орныңды тап! Математикалық өрнектер беру арқылы өз орнын табу және асыл сөздер, санамақ айтып, логикалық тапсырмалар орындайды.
Ақыл-асыл сөздер
Жаңылтпаш
Санамақ
Логикалық тапсырмалар
Жұмбақтар
Оқу – тәрбие процесінде математикалық тұрғыдағы жанрларды пайдаланудың түрлі әдіс – тәсілдерінің ықпалды әсерлері зор. Сондықтан математика сабағында оқушылардың тілін, тіл байлығын, ой-өрісін дамыту үшін жаңылтпаш, жұмбақтар, ақындардың өлеңдерін қолданып, қорытындыланды.

Үйге тапсырма: №5 (5 санының құрамын жаттау)
Бағалау. Топты бағалау, жекелеген оқушылар жетондармен бағаланды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама