Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
63 жасқа толған мұғалімге тілек

Барша шәкірттеріңіздің атынан Сізді 63 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздің еңбек жолыңыз сан қырлы. Еңбекке ерте араласып, ұлағатты өмір мектебінен өттіңіз. Шәкірт тәрбиелей жүріп, ұстаздығыңызды шығармашылық жұмыспен ұштастыра білдіңіз. Сізді мерейтойыңызбен құттықтай отырып, Өзіңізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жаңа шығармашылық табыстар, отбасыңызға амандық тілеймін!
 
Ұстаздықтың ауыр жүгін көтеріп,
Оңашада ойға баттың, ой өріп.
Алдыңыздан қанат қақты сан ұрпақ,
Еңбегіңіз жүрді кілең өтеліп.
 
Жүректерге білім нәрін мың құйып,
Жанарында тұратындай күн күліп!
Болашаққа бағыт-бағдар сілтейсің,  
Адалдықты әр ісіңнен білдіріп.
 
Сапар ағай, шәкіртіңнің бірі едім,
Көз алдымда баяғыдай реңің.
Пайғамбардың жасындасыз, жүз жаса,
Ақша қардай шәкірттік ақ тілегім.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама