Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
7 - ге көбейту және бөлу
Сабақтың тақырыбы: 7 - ге көбейту және бөлу
Мақсаты: 1) Оқушыларға көбейту және бөлу кестесін жатқа білуге үйрету, 7 - нің кестесін түсіндіру, есептеп шығару, логикалық тапсырмаларды орындау.
2) Шеберлікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
3) Ауызша есептеу дағдысын дамыту.
Көрнекілігі:
Әдісі:
Типі:
Жүрісі: 1. Ұйымдастыру бөлімі:
- Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
- Біз қай елде тұрамыз?
- Қазақстан Республикамыздың рәміздерін атайықшы.
- Әнұраны, елтаңба, ту.
- Әнұранның әнін, сөзін жазған кім?
- Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Ал, оқушылар орнымыздан тұрып әнұранды айтайық.

1 - слайд. Ал енді мына тулардың ішінен өз туымызды табайық, ту артындағы тапсырманы орындайық.
- Үй тапсырмасын сұрау.
Мына елтаңба ішінен өз еліміздің елтаңбасын табу тапсырмасын орындау. Жұмбақ шешу.
Өзі тақ сан,
Өзі бір сан
6 мен 8 - дің
Ортасында тұратын сан.(Жеті)

2. Жаңа сабақ:
Жеті санын көбейту және бөлу.

2 - слайд. 7 - Бір таңбалы сан
- Тақ сан
- 7 апта, 7 ата, 7 дәм, 7 шелпек, 7 қазына
Кестені жазу, түсіндіру.
1) 7 - ге көбейту, сол санды 7 рет қосу.
2) 6 - ның кестесін еске түсіреміз.
3) 7 7 - ден бастағанын түсіндіру.
1 - тапсырманы талдау.

3 - слайд Ал оқушылар біздің еліміздің ел басшысы кім?
Нұрсұлтан Назарбаев:- 1940ж Алматы обл. Қаскелең ауданы. Шамалған ауданы.
- 1990ж Қазақ ССР - і президенті
- 1991ж 1желтоқсан Президент болып сайланды.
- 1991ж 10 желтоқсан Республика сарайында ант берді.
- Инженер, металлург. Экономика ғылымының докторы.
Ел басшымыз сендерге Электронды поштамен тапсырма жіберіпті, соны орындайық.
1. 7 - атаны атау.

4 - слайд. 2 - тапсырма орындау. «Дәл жауап»
а) Шарты: Барлығы - 63 тері а) 46
Әр тон - 7тері ә) 56
7тон -? б) 14
Қалғаны -?

ә) Шарты: Әр – 2суыр а) 26
7құлақшын -? ә) 34
Қалғаны – 12тері б) 23
Барлығы -?

5 - слайд.
- Біз қай облыста тұрамыз?
- Атырау облысының әкімі кім?
- Бергей Рысқалиев
1. 1967жылы Мақат ауданында дүниеге келген
2. Білімі жоғары. Алматы архитекторы құрылысшы оқып бітіреді.
3. мамандығы юрист, құрылысшы
4. 1992 - 2003жж Ақтөбе акиматында
5. 2006ж Атырау қаласы әкімі
6. 2006ж қазан Атырау обл. әкімі.
Тапсырма:
1. 7 - аптаны атау
2. «Неге? Неліктен? Дәлелдеу.» 3тапсырма

6 - слайд.
Ал, оқушылар біз қай қалада тұрамыз?
- Атырау қаласы
- Атырау қаласының әкімі кім?
- Сәләмжан Нақпаев
1. 1966ж Доссор селосында дүниеге келген.
2. Алматы Нархоз - экономист бітірген
3. Мақатта машинист - 4жыл
4. Ауданда экономист.
5. 2005ж Жылыой ауданында әкім
6. 2006ж қазан Атырау қаласының әкімі
Тапсырма: 1. 7 - қазынаны атау
2. Семантикалық карта толтыру

7 - слайд. 5 - тапсырма
Өрнектер 4х3 5х4 9х2 7х4 4х6 5х3
20: 2+5
90: 3 - 2
120: 10
200: 10
30: 5+12
40: 4+14

8 - слайд.
- Тұратын ауылымыз қалай аталады?
- Бірлік селосы.
- Бірлік селосы әкімі кім екенін атайық.
- Жұмаханов Нұржан Қалыбайұлы.
1. 1964жылы Атырау обл. Зауральный селосында дүниеге келген.
2. 1985 жылы Қарағандыда КарГУды оқиды
3. 1990ж Б. Нысанбаев орта мектебінде мұғалім болады.
4. 1995ж Бірлік селосы әкімінің орынбасары
5. 2002жылы Бірлік селосының әкімі болады
6. 2008жылы Жыл әкімі атағына ие болды.
Тапсырма: 1. 7 - шелпек туралы айт
2.«Ұқсастық пен даралық» 7 - тапсырма

9 - слайд.

10 слайд
- Сендер оқитын мектеп қалай аталады?
- Осы мектептің басшысы немесе директоры кім?
- Гүлшара Досанқызы Сүлейменова
1. 1946ж 27 - қазанда Челябі облысы Қарталы ауданы Қарманова селосында дүниеге келген.
2. 1963ж Гурьев музыкалық училищесін оқыды.
3. 1967ж №21 Новостройка 8жылдық мектебінде саз мұғалімі
4. 1969 - 1976жж Гурьев педагогика институтына түсіп, орыс тілі және әдебиеті пәнінен сабақ береді.
5. 1969ж ҚР «Құрмет грамотасымен» марапатталады, 1969 - 1978 жж Білім жетілдіру институтының тұрақты лекторы.
6. 1986ж бастап Б. Нысанбаев атындағы орта мектебінің директоры.
7. 1992ж «Еңбек ардагері» 1997ж «Білім беру ісінің үздігі» 2006ж Республикада баяндама жасап, табысты оралды.
8. Аяулы ана, мейірімді же.
Тапсырма: 1. Наурыз көжеге салатын 7 - дәмді ата
2. Жасырынған суретті табу.
6 - тапсырманы өз бетімен орындау, нәтижесін атау

11 - слайд.
10 8 14
770 4 71
19 9 210
40 200 80

3. Галереяға саяхат
1 - топ 2х3х7=42
2 - топ 15 - 4: 2=13
3 - топ 7х3: 7=3
4 - топ 20х5 - 2х5=90
5 - топ 5х7: 7х8=40
12 - слайд.
- Сендер нешінші сыныпта оқисыңдар, сынып жетекшілерің кім?
- Есенова Бақытгүл Қалыбайқызы
Үйге тапсырма беру
Бағалау.(Семантикалық карта б/ша)

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама