Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
7 санының құрамы
Математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: 7 санының құрамы
Мақсаты: 1. Оқушыларға 7 ні қандай сандардың қосындысы түрінде жазуға болатынын, сәйкес теңдіктерді жазуды, оқуды, қосындыға кері амалды жазып, айырма құрастыруды және теңдіктер құруды, сандарды салыстыруды үйрету.
2. Оқушының шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойлауын, ой - өрісін, зейінін, танымдық қабілеттерін арттыру.
3. Есепті күнделікті өмірде қолданып, қиындықты жеңе білуге, оқушыларды саналылыққа сыпайылыққа әдептілікке тәрбиелеу.
Бүгінгі күнмен байланысы: Үлгілі оқып, білім алу - бүгінгі заман талабы екенін айтып түсіндіру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, баяндау, топтастыру.
Сабақтың түрі: Ертегі сабақ.
Көрнекілігі: Сандар, өрнектер, Жеті лақ ертегісінің суреттері, интерактивті тақта, үнтаспа.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі.

Сабақтың жүру барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық. Жұмбақ шешу:
Қандай құстар бұл өзі,
Жетіден ұшып барады.
Шұбырып тізбек құрады,
Қайрылмай артқа ұзады.
Шешуі: апта күндері.
Ой қозғау: Аптада неше күн бар екенін, бүгін аптаның қай күні екенін анықтау.
2. Өткен сабақты пысықтау. Ертегі тыңдап көрейік. Жеті лақ ертегісінің желісі бойынша үй тапсырмасын пысықтау. Ешкінің бірінші тапсырмасы 7 санына байланысты ырым сөздерді топтастыру.

7

ата
киелі сан
қазына
нан

3. Жаңа сабақ. 7санының құрамы.
1. Ешкінің екінші тапсырмасы: Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы 1тапсырманы орындау. Мына моншақтарды жіпке 7 - еуден тізу, түстеріне мән беру.
2. Ешкінің үшінші тапсырмасы. Әкелген жемістерді жеу үшін лақтары мына тапсырманы орындау керек. Оқулықтағы 3тапсырманы орындау. Сұрақтар ойлап, таңдіктер құрастыру. Бұны тақтада орындайды. 7 - 2= 5 5+2= 7
3. Сергіту сәті.
Ешкінің үйіне қасқырдың келуі. Балалар қасқырды үркітуге көмек береді.
Қолымызды көтеріп,
Шапалақты соғайық.
Қасқыр қашып кеткен соң,
Ой сергітіп алайық.
4. Шығармашылық тапсырма.
Ешкінің лақтарына берген төртінші тапсырмасы. Жұмбақ есепті шешу.
Алма бағы жайнаған Тағы да алдым екеуін.
Қызыл алма айналам. Алдым сонда нешеуін?
Алдым үзіп бесеуін, Ш: 5+2=7
5. Логикалық тапсырма.
Тақтамен жұмыс.
Айлакер қасқыр ішке енді. Алты лақты жұтып қойды, бір лақ жасырынып қалды. Шапшаң қимылмен өрнек құрастыру. 7 - 6=1
Қасқыр бес лақты жегендегі өрнекті құру. 7 - 5=2
Үш лақты жегендегі өрнекті құру. 7 - 3=4
Бес лақ қашып кеткендегі өрнекті құру. 7 - 2=5
Бұларды төрт топ тақтаға тездетіп орындайды.
6. Дәптермен жұмыс. Ешкімен бірге қасқырды іздестіру жұмысы.
1 тапсырма. 6 және 7сандарын әдемі етіп жазу.
Оқулықтағы 2тапсырманы орындату, теңсіздіктер құрастыру және жазу. 4+3> 4+2
3 тапсырма. Моншақтарды екі қорапқа әртүрлі тәсілмен бөліп салу. Теңдіктерді жазу. 4тапсырма. 7 санын шығарып алу үшін қандай 3 кегльді бояу керек?
7. Ертегідегі қуанышты сәт. Лақтармен қауышқан ешкі бақытты да, көңілді өмір кешіпті.

4. Қорытынды бөлім.
Енді ешкінің үйін орманнан алыс жерге орналастыру. Ол үшін мына үйшіктің ішіндегі 7 санының құрамын жазып шығу. Балалар алдарына берілген үйшігі бар карточканың ішін толтырады.
5. Мадақтау. Ешкінің әкелген алмаларын балаларға үлестіру. Бұл ешкінің балаларға айтқан рақметі.
6. Үйге тапсырма беру. 5 тапсырма.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама