Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
7 сыныпқа арналған жұмыс дәптері
7 сыныпқа арналған жұмыс дәптері. Сабақ барысында тақырыпты пысықтауда қолданылатын жаттығулар.

Қазақ тілі
Жұмыс дәптері
Тақырып: Сыйлық
1 - тапсырма. Берілген сөздерден мақал - мәтелдер құрастырыңыздар.
1. Көз, көңіл, ұясы, сырдың, нұрдың, ұясы.
__________________________________________________________________
2. Сыйлық, сүю, қымбат, емес, қымбат.
__________________________________________________________________
3. Алды, ырыс, ынтымақ.
__________________________________________________________________
4. Кең, кем, болсаң, болмайсың.
__________________________________________________________________

2 - тапсырма. Тиісті шылауларын қойыңыздар.
Сыйласымдық............. достықтың белгісі ретінде сыйлық беріледі. Сыйлықты адамның талғамына.............. әуес ісіне байланысты таңдау керек.
Сыйлыққа кітап таңдау............. сыйлық берер адам нені оқитынын білу керек.
Сувенирлер сататын дүкенге............... автобуспен баруға болады. Мына сыйлығын тым -........... әдемі екен. Сыйлықты дүкеннен сатып алған жақсы,................ арнап шығарған өлең, салынған суреттен қымбат сыйлық жоқ.

Керекті шылаулар: бірақ, үшін, ақ, және, дейін, пен
3 - тапсырма. Мәтінді пайдалана отыра, берілген диалогті сұрақ қою
арқылы толықтырыңыздар.

Сапардан сыйлық әкелу
Саяхаттап, іс - сапарға шығып, қыдырып басқа жаққа барып қайтқан адамдар үй ішіне әртүрлі сувенир тәрізді әсем заттарды ескерткіш белгі ретінде әкеліп береді. Басқа жақта тұратын туыстарына, дос, жолдастарына барған адамдар да сол отбасына сыйлықтар апарады. Сыйлық - құрмет белгісі болғандықтан, оны алған адам берілген сыйлықты арзан, қымбат, үлкен, кіші деп бөлмеуге, ренжуге тиісті емес. Кейде әйелдер алыста тұратын туған - туыстарына барғанында алма, алмұрт, апельсин, мандарин тәрізді жеміс - жидектерді де алады.
-.........................................................................................................................?
- Қыдырып басқа жаққа барып қайтқан адамдар үй ішіне әртүрлі
сувенир әкеліп береді.
-..............................................................................................................................?
- Басқа жақта тұратын туыстарына барған адамдар да сол отбасына
сыйлықтар апарады.
-.....................................................................................................................?
- Сыйлық алған адам берілген сыйлықты арзан, қымбат, үлкен, кіші деп бөлмеуге, ренжуге тиісті емес.
-........................................................................................................?
- Әйелдер алыста тұратын туған - туыстарына барғанында алма, алмұрт, апельсин, мандарин тәрізді жеміс - жидектерді де алады.

Тақырып: Кімге не сыйлау керек?
Жаңа сөздермен жұмыс
Ілтипат - внимание
Сыйлық тарту - дарить
жеке қабілеті - личные способности
таңдауы - выбор
орынсыз - не уместно
алғыс сезімі – чувство благодарности

- мұғалім оқиды
- оқушылар оқып, сөздік дәптерлеріне көшіреді
- сөйлемдер құрады
1 - тапсырма. Сөйлемдердің дұрыс, бұрысын анықтаңыздар

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама