Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
9 санының құрамы
Тақырыбы: 9 санының құрамы

Мақсаты: Оқушыларға 9 саны мен құрамы туралы түсінік беру, 9 санын жазуға басқа сандармен салыстыруға, құрамындағы сандарды білуге үйрету. Оқушыларды есеп шығаруға дайындау, ауызша есептеуге дағдыландыру. Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, топпен жұмыс, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: интерактивті тақта. Геометриялық фигуралар, суреттер, плакаттар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
- Сынып оқушыларымен амандасу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Қажетті құралдарды алу.

Психологиялық дайындық.
Шырылдайды қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен
Қонақтарға бас иіп
Қош келдіңіз айтамыз

• Оқушыларды топқа бөлу.
Әр топ өз геометриялық фигураларын атап, ережесімен таныстыру.
Үш бұрышы, үш қабырғасы бар. Қарама – қарсы қабырғалары тең.
Барлық қабырғалары бірдей.

ІІ. Өткенді пысықтау
Сандар қатарын ата.(1 - ден 9 - ға дейін тура және кері санату)
Геометриялық фигураларды суретке қарап ажырату, атау.
8, 7, 6, 5, 4, 3 санының құрамын табу
Қосудың компоненттерін ата.
Азайтудың компоненттерін ата.

ІІІ. Жаңа сабақ
9 санының құрамы
Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Суреттер бойынша мысалдар келтіру арқылы 9 санының құрамымен таныстыру.

1. 9 санының құрамын жазу.
2. Жаңа сабақ бойынша топпен жұмыс жасау.

Үш топ 9 - дың құрамына гүл, пойыз, күннің бейнесін құрастыру арқылы теңдіктер құрастырады.

Оқулықпен жұмыс.
Салыстыруға берілген есептер.
I – топ
0* 9
9 * 9
9см * 9см
9см * 7см
II – топ
6 * 9
9 * 8
4см * 9см
9см * 6см
III - топ
5 * 9
2 * 9
3см * 9см
5см * 9см

3. Кесінділерді өлшеп, салыстыру.

8см 9см
Шығармашылық тапсырма.
Суретке қарап айырмашылықтарын тап.
Бос орында қандай сурет болуға тиіс?
Геометриялық фигуралардың атын жазып, дыбыстық талдау жасау.
Сәуле Кесінді Шаршы
9 санының құрамы жүктеу
9 санының құрамы. слайд жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама