Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
9 сынып физика пәні бойынша факультатив
9 сынып физика пәні бойынша факультатив
Түсінік хат
Бүгінгі таңда оқушылардың дүниетанымын кеңейту және оларды шығармашылық іс - әрекетке баулу, сонымен қатар өз бетінше ізденушілік қасиеттерін жетілдіретін жұмыстардың бірі факультатив жұмыстары болып табылады. Факультатив сабақтар жүргізу арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттері кеңейеді.

Физиканы тереңдетіп оқыту 9 сыныптарда факультативтік сабақтар арқылы жүзеге асырылады. Факультатив сабақтар оқушылардың пәнге деген қызығушылығына байланысты және оқу программасы бойынша жүйелі түрде байланысып отырады. Оқушылар үшін факультатив сабақтарды ұйымдастыру мектептің бірыңғай принципіне қайшы келмейді, керісінше, ол мектеп алдында тұрған бірқатар маңызды міндеттерді табысты шешуге жағдай жасайды. Бұл міндеттердің ішіндегі аса маңыздыларының бірі - дидактиканың жеке (даралап) оқыту принципіне сай келеді. Яғни, әрбір оқушының табиғи қабілетіне сәйкес ақыл - ойын, қабілетін дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп, ғылым мең техниканың казіргі жетістіктерін мектеп білімінде толығырақ қамтуға, оқыту ісінде оқушылардың шығармашылық тапсырманы орындауына көбірек көңіл бөлуіне, өз бетінше білім алуға деген ізденістеріне мүмкіндік береді.
Факультативтік оқу оқушылардың сабақтары басталғанға дейін немесе сабақтан соң бекітілген кесте бойынша жүргізіледі. Факультатив сабақтарды өткізуде келесі жағдайлар ескеріледі:
факультативтік сабақтар әдеттегі сабаққа ұқсамауы тиіс;
үлгермеуші оқушылар үшін қосымша сабақ, түріне айналмауы
тиіс;
жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлерді даярлайтын
(репетиторлық) сабаққа немесе жоғары оқу орындары
түріндегі лекция курсына айналмауы тиіс;
үйірме сабақтарының белгілі бір формаларын көшірмеуі тиіс.
Мақсаты: Берілген тақырыптар бойынша физиканың заңдылықтарын, олардың ашылу тарихын, күнделікті тұрмыста қолданылуын, физиканың өндіріспен, ауылшаруашылығымен, техникамен, ғарышты игерумен байланыстылығын ашып көрсету, пәнаралық байланысты жүзеге асыра отырып, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту, жеке тұлғаны білімділікке, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа ынталандырып, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттыру.
Факультативте есеп шығару сабағын өткізудің өзіндік қиындықтары болады. Кез келген тақырыпқа байланысты конкурстық, олимпиадалық есептерді таңдап алуға болады. Мұндай есептерді шығару барысында есеп мазмұны мен оны шығарудың мүмкін жолдарын оқушылармен бірге талдау олардың есептерді өз бетінше шығаруға деген дағдысын жедел дамытуға, зерттеушілік қабілеті бар оқушыларды табуға мүмкіндік береді. Мұндай оқушылар теориялық материалдарды оқып - үйрену кезінде көзге түспесе де, шығармашылық есептерді шығару барысында жаңа қырынан танылуы мүмкін.
9 сынып физика пәні бойынша факультатив. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама