Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
А. Пушкин «Ескерткіш» (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ әдебиеті 7 сынып
Тақырыптар:
56 - сабақ. А. Пушкин «Ескерткіш»
57 - сабақ. Шандор Петефи «Ұлт өлеңі»
58 - сабақ. О, Генри «Соңғы жапырақ»
59 - сабақ. Ғабдолла Тоқай «Өмір жолына қадам басқандарға»
60 - сабақ. Тоқсандық қайталау

Қазақ әдебиеті 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: А. Пушкин «Ескерткіш»
Сабақтың мақсаты:
а) әлем әдебиеті туралы түсінік беру, А. Пушкиннің шығармаларын қазақ тілінде сөйлеткен ақын - жазушыларымыз туралы мағлұмат беру;
ә) адамгершілік қасиеттерге баулу, үлгі - өнеге ету;
б) шығармашылық ізденіске бағыттау, ой бөлісу, өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ізденімпаздыққа төселдіру;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену т. б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары, портреті, шығармалар жинағы т. б
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Тортай қандай бала?
2. Тортай мен Ораштың достығы туралы не айтар едіңдер?
3. Тортай неге арманына жете алмады?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Орыстың ұлы ақыны А. С. Пушкин үлкен қайшылықты кезеңде өмірін өткізді. Ол орыс мәдениетінде жаңа дәуір ашты, орыстың әдеби тілін жасады, жаңа әдебиеттің төр ағасы болды.
«Ескерткіш» өлеңін мәнерлеп оқып беремін.
Кітаппен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп оқиды
Дәптермен жұмыс: Өлең шумақтарын құрылысына қарай талдайды.
Ескерткіш //орнаттым мен //қолдан келмес, 1 шумақ, 4 тармақ,
Ел ізі// оған салған //суый білмес,
Асқақтап //Александр //мұнарасынан 12 бунақ, 12 буынды
Жоғары //оқшау шығып, //тұрар дербес

Венн диаграммасы: Өлеңді Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңімен салыстырыңдар.
«Ескерткіш»
«Өзім туралы»
Ортақ

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: А. Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңін жаттап келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама