Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
А. Тоқмағамбетов. Бидай мен Қаңбақ
Сабақтың атауы: А. Тоқмағамбетов. Бидай мен Қаңбақ
Мақсаты
Білімділігі: оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру арқылы мысалдың мазмұнын меңгерту. «Бидай мен қаңбақ» мысалының мәнін терең түсінуге, өлең кейіпкерлеріне мінездеме бере білуге, өзіндік ой қорытындысын жасай білуге, ойын жүйелі жеткізуге үйрету.
Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілеті мен дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істей отырып сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

+ Психологиялық ахуал
Кәне, кәне, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ енді шеңберге,
Алақанды ұрайық
Бишілерде бұралып,
Дөңгелене тұрайық.

Мағынаны тану
Балалар, өздерің шешкен жұмбақтың жауаптарына сай біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Бидай мен қаңбақ» мысалы. Мысалдың авторы Асқар Тоқмағанбетов (1905 - 1983). Қызылорда облысында дүниеге келген. Қазақ әдебиетінде сатиралық поэзияның негізін қалаушы және дамытушылардың бірі болды.
Мағынаны ашу
Мысал – адам бойындағы әр түрлі мінез – құлықтарды жануарлар, өсімдіктер, құстар арқылы бейнелеп көрсету.
Бидай – дәнді дақыл. Ол егістікте өседі. Одан ұн тартады. Ұннан әр түрлі тағамдар дайындайды, сабанын мал жейді.
Қаңбақ – жабайы өсімдік. Оның тамыры топыраққа әлсіз бекиді. Оны мал жемейді, отқа да жақпайды. Қаңбақ желмен жарысып көшіп жүреді.
Бидай мен Қаңбақ атты мысал өлеңінде ақын ұшарын жел, қонарын сай білетін қаңғыған қаңбақ пен айналасы әнге, масағы дәнге толы құт берекелі бидайды айтыстырады да, қаңбақ арқылы еткен еңбегі жоқ, елге тиер пайдасы жоқ, белгілі тұрағы жоқ қуыс кеуде берекесіз жандарды теңейді.

Сергіту сәті
Күнде аспанға қараймыз,
Қайтқан құсты санаймыз.
Үшбұрыш боп тырналар,
Көк жүзінде сырғанар.
8) Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан
Қар лақтырып ойнасақ,
Суық өтер қолғаптан.

Асқар Тоқмағамбетов Бидай мен Қаңбақ жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама