Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін
«Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін»

Сабақтың мақсаты:
1) Абай шығармашылығынан алған білімдерін тексеру, сын тұрғысынан ойлау арқылы пысықтау, әдебиеттің өзіндік заңдылықтары, ерекшеліктері жайында білім бере отырып, басқа өнер түрлерінен айырмашылықтарын айыра білуге үйрету;
2) оқушылардың байқампаздығын, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, тіл байлығына үлес қосуға жол ашу;
3) табиғат пен адам, жалпы тіршілік атаулының тұтастығын түсіндіре отырып, оқушыларға эстетикалық, экологиялық тәрбие беру, отанды, туған жерді сүюге, табиғатты қорғауға, қолдауға баулу.
Көрнекілік: интерактивті тақта, Power Point бағдарламасында жасалған презентациялар, компьютер.
Сабақтың түрі: өткен тақырыпты пысықтау.
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, орыс әдебиеті.
Оқыту формасы: бірлескен ұжымдық іс – әрекет.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, ой бөлісу, талдау, қосымша әдебиеттермен жұмыс, проблемалық баяндау, зерттеушілік әрекет.
Осы мақсатқа жету үшін пайдаланылатын стратегиялар бізді маңызды істерге бастайды.
1. Бір – бірінің пікірін тыңдайтын ортаны жасау.
2. Оқушыларға алдына мақсат қоя білуге үйрету.
3. Шығармашылықпен жұмыс істеуге қалыптастыру.
4. Өздерінің айтқан, жазған жауаптарына есеп бере білуге баулу. 5. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту арқылы өз ойын айта білуге үйрету.
Әр стратегияның мақсатына сабақ түсіндіру барысында тоқталамын.

Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды 2 топқа бөлу, сабақтың мақсатымен таныстыру.
Қызығушылықты ояту сатысы: ой шақыру, оқушылар зейінін интерактивті тақтаға аудару.
Қазіргі сәттен бастап, Абай шығармаларын қаншалықты білетіндіктерінді көрсетейік. Ендеше осы сөзді таратып айтайық.

І.«Абай лирикасы»
Топтастыру әдісі: оқушы жаңа идеяларды жинақтап, бір – бірімен сабақтастырады және тақырыпты ашық талқылауға бағытталған оқыту стратегиясы.

ІІ. «Ғылым таппай мақтанба»
Абай өлеңдері – құты қашпас қазына. Өлеңнің мағынасын ашып, өз пікірлерін білдіру.

ІІI. «Абай үні, Абай тынысы, халық тынысы» Бұл тақырыпта сергіту сәті ретінде үнтаспадан «Сегіз аяқ» әні орындалады, оқушылар зейін қойып тыңдап болған соң, өлеңдегі мақал - мәтелдер мен даналық сөздердің мағынасын ашады.

ІV. «Абай қарасөздері»
Абай қарасөздері – Абайдың философиялық көзқарастары жайлы нақты деректер береді және ақынның шығармашылық зертханасын ашып, пайдалануға мүмкіндік жасайды. (Абай қарасөздері оқушылардың талай дау – дамайларының нысанына айналды).

V. «Болмасаң да ұқсап бақ»
Бұл кезеңде оқушылар Абай атасына ұқсап өлең шығарады.

Сабақты қорытындылау. Қалыптасқан білім, білік дағдыларын тексеру және жүйелеу. Абай мұрасы – адамзаттың ғұмыр бойы игеріп түйсіне түсетін тұтасқан ғажайып бір әлемі. Абай мұраларын парасатты ой, зерделі санамен оқып үйрену – біздің қасиетті парызымыз.
Сабақта өзін жақсы көрсеткен оқушылар түгел бағаланды.

Үйге тапсырма: «Абай атаға хат» тақырыбына шығарма жазып келу.
Қазіргі заман ұрпақтары Абайды оқу арқылы өзінің жоғын түгендейді. Абайды оқи алмаған, оның көңіліне тоқи алмаған адамды рухани аш, жүдеу жан деп есептеуге болады.
Өлі деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп төрелігін өзі айтқан ұлы Абай жалынды жырларымен бізбен бірге жасап келеді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама