Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Абай оқулары
Тақырыбы: «Абай шығармалары ұрпақ аузында»
Мақсаты: Оқушылардың Абай өлеңдеріне деген қызығушылығын ояту,ақын шығармашылығын терең түсініп, қадірлей білетін ұрпақ тәрбиелеу.
Талабы:
1.«Қатысушы өзі білетін шығармалардың тізімін конкурс басталғанға дейін ұсынуы қажет.
2.Өлеңдер мәнерлеп, нақышына келтіре орындалуы тиіс.
Абай – қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгілері мен деңгейлес тұрғаны -білген адамға айқын шындық. Ахмет Байтұрсынов «Қазақтың бас ақыны» мақаласында «Абайдан асқан бұрынғы соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ»,- деп аса жоғары баға қояды. Бүгінгі «Абай шығармалары ұрпақ аузында» атты сайысымызды ашық деп жариялаймыз.

Жарыстың кезеңдері:
1.«Өлең сөздің патшасы сөз сарасы»
(Абайдың шығармаларын жатқа оқу)
2«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»
Жас дарындар конкурсы, өз шығармалары (өлең, әндер, күйлер)
Бүгінгі сайысымыздың төрешілері - әділқазылар алқасымен таныстырайық.

1«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.»
Ұлы ақын Абай өз шығармаларын болашақ ұрпаққа тәрбиесіне арнады. Осы ұлы тұлға шығармаларын мәнерлеп оқуға арналған өнер сайысына қатысатын оқушыларды ортаға шақырамыз.

1.Жансұлтан Ғанижамал
2.Оңғалбаева Мөлдір
3.Сатыбалдина Наргиза
4.Сарқұлова Индира
5.Жұбатқанова Мариям
6.Сәрсенбай Жансая
7.Иният Нүрила

Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй
Жүрекке түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй.
Әсем, тәтті әнге кезек берейік.

Абдраман Наргиза 3 А сынып оқушысының орындауында Абайдың әні
«Желсіз түнде жарық-ай»

2.Өлең сөздің патшасы сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиіп,
Жұп-жұмыр тегіс келсін айналасы.

Сайысымыздың екінші кезеңі
«Жүйріктен жүйрік жарысқанда» демекші ұлы Абай атамыздың жолын қуған болашақ ақындар сайысына кезек берейік
1.
2.
3.
Абай өлеңдерімен сусындаған талантты да, талапты жас ұрпақ арасындағы сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын кез де келіп жетті. Сонымен сөз әділ қазылар алқасына беріледі.

Қортынды: Абай шығармаларының мағынасын терең бойлап ұғып-түсіне алатын, Абай дәстүрін жалғастырушылар тобы молая түскеніне бүгін тағы бір көзіміз жетті. Бүгінгі жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтап, әлі де биік шыңдардан көрінулеріне тілектеспіз.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама