Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Абай қара сөздері. Он жетінші қара сөз
Сабақтың тақырыбы: Абай қара сөздері. Он жетінші қара сөз
Мақсаттары:
S - нақтылық
Кемел ойын келісті өлең өрнегіне салып кестелеп, қиыннан қиыстырып берген «ер данасының» ішкі қоймасына жол табар қара сөздерінің мәнін, терең танымын зерделей, маңыздылығын ашамын.
M – мақсат өлшемі: Данышпан Абайдың тағылымдық тәлімі мен қара сөздерінің тәрбиелік мәнін анықтайды.
A - қолжетімділік, қолдан келерлік болу керек: Топтаса жұмыс атқара отырып, ақынның қара сөздерінің мәнін ашуда түйінді ой айта білуге, өзіндік қорытынды пікір қалыптастыруға жетелейді.
R - шындыққа сай қысқа да нұсқа берілуі: Қара сөздің мазмұнын, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық ойларын терең үңілуге үйренеді.
T - белгілі бір уақыт аралығымен шектелген: Қара сөздің мазмұнын, идеясын ашады, өз тәжірибелерімен бөліседі.

Сабақтың басы
І. Қызығушылықты ояту
Психологиялық тренинг
Өткен сабақта біз қай ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстық?

Абай кім?
«Абайдың он жетінші қара сөзі» видеоролик көрсету.
Мұғалім сөзі: «Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек» - деп ақын атамыз айтқандай, бүгінгі сабақта біз Абай атамыздың даналық сөздері - қара сөзімен танысамыз.

Қара сөз деген не? Абайдың қара сөздері туралы не білеміз?
Ортасы
Жұптық жұмыс.
Ой шақыру

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,
Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі
Мұғалімнің есімі: Арыстангалиева Анар Алтыбаевна
Үздік ұстаз бәйгесіне
Қатысатын категория: қазақ әдебиеті
Абай қара сөздері. Он жетінші қара сөз жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама