Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Көркем туындыны түсініп, мәнерлеп оқуға және идеялық - тақырыптық негізін, ой астарын түсінуге үйрету, поэманың тереңіне бойлату, ақынның образ жасау шеберлігін ұғындыру.
Дамытушылық: Поэманы талдай білуге төселдіру, сын тұрғысынан ойландыру арқылы түйіндік ойларын айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру, шығармашылық тапсырмалар арқылы білім алушылардың даралық мүмкіндіктерін көрсету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, шешендікке баулу.
Тәрбиелік: Ақын шығармасындағы оқиғалар негізінде білім алушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерінің көзін аша отырып, рухани имандылыққа, ізденіске, іскерлікке, таным белсенділігін арттыруға тәрбиелеу.

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне - өзі орнатып ескерткішті,
Мұра қып кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып, ойланып, ер жеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон, құбақан құм, құла қырды,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырып келешекке,
Бізбенен осы күнге тілдескен кім?

«Ой шақыру» стратегиясы
Кім?

Үй тапсырмасы
Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтар жинау.
«Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»,
«Өлсем орным қара жер сыз болмай ма» өлеңдерінен үзінді жаттау.
«Ескендір» поэмасын оқу.

Абай Құнанбаев – қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында дараланып тұрған Ұлы тұлға. Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен Абайы біреу - ақ... Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Абайы бар елдің мерейі үстем. Ол – қазақтың бір жерінде туып, бар жерінің туын ұстап тұрған кемеңгер.
Ақын шығармалары осы күнгі бай, ұлттық әдебиетіміздің алтын діңгегін қадады. Ақын шығармашылығындағы елеулі орын алатын бір сала – поэмалары.

«Миға шабуыл» стратегиясы (1 минут)
1. Поэма дегеніміз не?
2. Абайдың неше поэмасы бар?

«Сөздер сөйлейді» стратегиясы (1 минут)
Сөздердің мағынасын ашып, орыс, ағылшын тілдеріне аудару.

Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы
Хакім -
Данышпан –
Иман –
Ғибрат –
Аран –
Қолына –


№83 А. Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі
Мұғалімнің аты: Төлбасиева Ә.

Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы. слайдты жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама