Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Абай Құнанбаев «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»
Павлодар облысы, Железин ауданы,
Железин № 3 жалпы білім беру орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Зеймуллаева Торгынай Сабитовна

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»
Сабақтың мақсаты: Ән мен күй жайындағы өлеңді оқи отырып, әннің, күйдің құдіреттілігін түсіндіру;
Міндеті: 1. Сыни тұрғыдан ойлауға үйретуге баулу арқылы поэзия, саз өнеріне сүйіспеншілігін арттыру;
2. Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлануға үйрету арқылы өзінше ой қорытуға, шығармашылық жұмысқа баулу.
Күтілетін нәтиже: Ән өнеріне қызығушылығы артады;
Шығармашылық жұмыс істеуге дағдыланады.
Өз ойын еркін жеткізе алады.
Сабақтың әдісі: жеке, жұптық, топтық, әңгімелеу, түсіндіру, пікір алысу, диалог, талдау, салыстыру, ой толғау.
Сілтеме: Қазақ әдебиеті оқулығы. Қ. Әбдезұлы, С. Тұрсынғалиева. – Астана: «Арман - ПВ», 2012ж. Хрестоматия. Қ. Әбдезұлы, С. Тұрсынғалиева. – Астана: «Арман - ПВ», 2012ж. Жұмыс дәптері. Қ. Әбдезұлы, С. Тұрсынғалиева. – Астана: «Арман - ПВ», 2012ж..
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, доп, гүлдер, флипчарт, қазақ әдебиеті оқулығы

Ұйымдастыру кезеңі ОЖЕСО 2 мин
Психологиялық ахуал жасау. Оқушыларға әр елдің сәлемдесу үлгісін көрсету.
Сыныпты сан арқылы екі топқа бөлу.
Білім АКТ 7 мин
Ой - толғаныс. Абайдың мұражайы арқылы бейнефильм көрсету
“Серпілген сауал” стратегиясы.
1. Абайдың балалық шағы туралы не білесіңдер?
2. «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңнің негізгі идеясы қандай?
3. Шендестіру дегеніміз не?
4. Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңді кім аударған?

Түсіну СТО 7 мин
Абайдың “Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа” өлеңін мәнерлеп оқыту
Ән адамның көңіл күй көлеңкесі дегенді қалай түсінесіңдер?
«Әннің естісі бар, есері бар» деген тіркестің мағынасын ашып түсіндір.

Қолдану СТО, ОЖЕСО, 7 мин
Ән адамның ойлау қабілетіне, сезім күйіне әсері орындаушыға байланысты екенін ақын қай шумақта білдіреді?
Әннің адам өмірінен алатын орнын ақын қалай суреттеген?

Талдау ТжДОО, ОжОК 7 мин
Сергіту сәті ОЖЕСО 2 мин
Семантикалық кесте толтыру
Абайдың «Желсіз түнде жарық - ай» әнін орындатқызу.

Жинақтау СТО ОЖТ 7 мин
Салыстыру
“Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа”, “Қараңғы түнде тау”, өлеңдерін салыстыру

Бағалау СТО, ОЖТ 6 мин
«Жүректен жүрекке жеткен Абай әндері» эссе жазу

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама