Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Абай Құнанбайұлы «Қыс» (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, әдебиет 5 сынып.
Тақырыптар:
31. Абай Құнанбайұлы «Қыс»
32. М. Жұмабаев «Қысқы жолда»
33. Жамбыл Жабаев «Өтеген батыр»
34. С. Сейфуллин «Ақсақ киік»
35. І. Жансүгіров «Күй»


№7 Сабақ үлгісі:

1. Пән аты: Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы: 23 желтоқсан
4. Тоқсан: ІІ
5. Мұғалім: Р. Қалматаева
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы. «Қыс»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, « Қыс» өлеңінің мазмұнын, тілдік ерекшеліктерін меңгерту.
2. Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
3. Дамытушылық: оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: «Абай» энциклопедиясы, ақын портреті, қысты бейнелейтін суреттер, тірек сызбалар.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих, бейнелеу өнері, саз өнері.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІV Жаңа сабаққа дайындық
1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2. Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Оқушылардың назарын тақтадағы тірек – сызбаға аудару.
2. Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.
Ұлы жазушы М. Әуезов Абай шығармашылығын алғаш зерттеп жүрген кезінде - ақ, былай деген екен: «Абайдың істеп кеткен қызметі - әдебиетімізге асыл іргетас. Бұл асыл іргенің үстіне салынатын ілгері қазақ әдебиетінің дүкені көрікті, көрнекті, нақысты өрнекті болуына лайықты. Қуанамыз! Нанамыз! Марқұм атамыз қазақ халқына халықтығын жоғалтпайтын өшпес белгі орнатты».
Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы (бұрынғы Семей облысындағы) Шыңғыс тауында дүниеге келген.
Абайдың әкесі тілге шешен, ақылға бай, әділ ел басқарып, жұртына жақсылық жасаған адам болыпты. Сол кездің өзінде жол бейнетін тартып, қажылық жолына тартып, Меккеге барған. Онда қажылыққа барған қазақтар үшін қонақ үй салдырған. Меккеден келген соң, ел басқаруды қойып, Қарқаралыда мешіт салдырып, мұсылманшылық жолын ұстаған. Абайдың «Арғы атасы қажы ед» атты өлеңіндегі әкесі Құнанбай туралы айтылған сөзін оқып көрелік.
Арғы атасы қажы еді,
Бейістен татқан шәрбәтті.
Жарықтықтың өнері
Айтуға тілді тербетті
Адалдық, ақыл жасынан
Қозғапты, тыныштық бермепті.
Мал түгіл, жанға мырза еді
Әр қиынға сермепті.
Мұңды, шерлі, жоқ - жітік
Аңсап алдын кернепті
Бәрінің көңілін тындырып,
Біреуін ала көрмепті.
Әділ, мырза, ер болып
Әлемге жайған өрнекті.
Тәубесін еске түсіріп,
Тентекті тыйып, жерлепті.
Қазақтың ұлы қамалап,
Іздеген жүзін көрмек - ті.
Ақылынан ап қайтқан
Өлгенше болар ермек - ті.
Ол сыпатты қазақтан
Дүниеге ешкім келмепті.
Өлмейтін атақ қалдырып,
Дүниеге көңілін бөлмепті.
Құнанбай қажы туралы Абайдан артық ешкім айта алмас. Біздің білетініміз: Абайдың ақылды әкеден алған тәлімі, тәрбиесінің көп болғандығы.
Абай өлеңді бала кезінен - ақ сүйді. Әжесі Зере мен анасы Ұлжаннан көптеген әңгімелерді, естеліктерді, ертегі, жырларды тыңдап өсті.
Оқу дегенде, Абай не бары үш жыл мұсылманша, үш ай орысша оқыды.
Абайдың табиғат лирикасы:
Абайдың табиғат лирикасы – ақындық шеберлікпен жазылған сұлу, сырлы жырлар. Жыл мезгілдерін сипаттайтын өлеңдерінде оқушының көз алдына түрлі – түрлі табиғат көріністері келеді: жайқалған бәйшешек, «көгорай шалғын» мен күркіреген өзені бар, тамылжып тұрған шыбынсыз жазда сонда, ақтүтек бораны мен үскірік аязы бар, қылышын сүйреген қытымыр қыс та сонда, аспанын бұлт торлап, гүлі солған, сарғыш даласын шаң басқан, сұрғылт күз де сонда. Табиғат туралы әр өлеңінде ақын әуелі табиғат көріністерін суреттейді, ізінше сол көрініске бөленген қазақ ауылының тіршілік кәсібіне, шаруа жайына көшеді. «Жаз» өлеңінде күркіреп жатқан өзеннің көгорай шалғын жағасына көшіп барып, қонып жатқан ауыл, ақ білегін сыбанып, үй тіккен қыз - келіншектер суреттелсе, «Қыс» өлеңінде шидем мен тон қабаттап киіп, оранып алса да, долы боранға «бет қарауға шыдамай, сырт айналып» мұз жастанған жылқышылар, бет – ауызын үсік шалған жас балалар, суық өтіп, титығы құрыған жылқылар, айналада жортып жүрген аш қасқырлар көз алдымызға келеді.

VІ. Түсінік тексеру:
Суретпен жұмыс: сендер қыс бейнесін көз алдыларыңа қалай елестетесіңдер? Абай атамыз қысты қалай суреттеген екен?
Түсініксіз сөздермен жұмыс істеу.
Ұшпа – шашыранды бұлт. Шидем – қойдың жабағысынан сыртын қаптап тіккен тон.
Қондыбай, Қанай – кедей ауылдың аттары.

VІІ Жаңа сабақты бекіту.
1. Өлеңді қандай бөлімдерге бөлуге болады?
(«Қыстың сипаты», « Қысқы ауыл»)
2. Оқушыларға әр бөлімді жеке – жеке оқыту.
3. Сатылай кешенді талдау арқылы өлеңнің теориялық мазмұнына көңіл бөлу.

4. Сұрақтарға жауап беру: Не білдік? Не үйрендік? Не білгің келеді?
5. Оқушыларға әдебиет теориясынан білім беру.

VІІІ Сабақты қорыту:
1. Бағалау:
2. Үй тапсырмасын беру:
1. Абай «Қыс» өлеңін жаттау, өлең соңындағы сұрақтарға жауап беру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама