Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Әбден қайнатқайсың

Баяғыда Арқаның бір қазағы Сырдағы жекжатына келіп қонақ болады. Кетерінде қауын сұрайды. Жекжаты:

— Қауын әлі піскен жоқ, — дейді.

— Піспесе де бер!

Жекжаты лажсыз бірнеше көк түйнек үзіп береді.

Арқаның қазағы ауылға келгесін қауынды әйеліне беріп жатып:

— Піскен жоқ деп еді, әбден қайнатқайсың, — депті.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама