Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Әбілхан Қастеев
Г. С. Титов атындағы
№20 мектеп - гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Сахова Ажар Байдосқызы

Қазақ тілі 9 сынып
Сабақтың тақырыбы Әбілхан Қастеев
Сабақтың мақсаты Етістіктің рай категориясын топтастыра отырып, қалау райдың жасалу жолдарын игеру. Жаттығу жұмысын орындау
Күтілетін нәтиже Қалау райды орынды пайдалана білуді, ұшқыр ойлы сөйлеуді үйренеді, Әбілхан Қастеевтің шығармашылық өмір жолымен танысады
Бұрын меңгерілген білім Қазақ бейнелеу өмірі тарихынан
Сабақтың ресурстары Кесте, тірек - сызба, кеспе қағаздар интерактивті тақта, стикерлер, постерлер
Сабақтың барысы
мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау
«Жүректен - жүрекке» (тренинг)
Үйге берілген тапсырманы «Өрмекші торы» әдісін қолданып сұрау.
- Қазақ бейнелеу өнері деген қандай өнер?
- Қазақ бейнелеу өнерінің ежелгі түрі?
- Қазақ бейнелеу өнерінің бастауында кім тұрды?
- Қазақстанда бейнелеу өнерінің кәсіби шеберлерін дайындайтын студия нешінші жылы ұйымдастырылды?
- Онда кім сабақ берді?
- Қазақ бейнелеу өнері шеберлері алғашқы қадамдарын нешінші жылдары жасады?
- Қазақстан суретшілерінің кәсіби шеберлікті тез игеруіне кімдер көмектесті?
- Қазақ бейнелеу өнері шығармаларының алғашқы көрмесі қашан ұйымдастырылды?
- Қай қалада өтті?
- Айша Ғалымбаева кім?

Негізгі
Балаларға суреттер беріледі, натюрморт пен пейзаж бейнеленген, сол бойынша 2 топқа бөлінеді.
Балалар, біз білім шыңына жету үшін көп оқып, көп білуіміз керек. Білім шыңын пирамида түрінде елестетіп, соның шыңына жету үшін тапсырмалары орындаймыз!
І саты
«Қалаймын», «Қаламаймын».
Етістік+ғы/гі+жіктік жалғауы+ келеді/келмейді
Осы формуланы пайдаланып, суреттердегі іс әрекетті айтыңдар.
Суда жүзу, сурет салу, қоқыс шығару, Астанада қыдыру, сабақ жазу, кітап оқу, соғысу, жазу, құрылыста жұмыс істеу, өлең жаттау, ән айту
Балалар, осыдан шығатын қорытынды қандай?
ІІ саты. Диалог құрау.
2 - тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, диалог құрау. Диалог бойынша өзара сөйлесу. Сөздікте берілген сөздерді қолдану.
Даму – развитие
Үлес қосу – внести вклад
Дүниетаным – познание мира
Ерекшеліктері – особенности
Назар – внимание
60 - жылдары Қазақ бейнелеу өнерінде халықтың өзіндік дүниетанымын, оның мәдениеті мен дәстүрлік ерекшеліктерін танытатын белгілер барған сайын айқын қалыптасты.
Бұл кезеңдері Қазақ бейнелеу өнерінің дамуына А. Ғалымбаева, Г. Ысмайылова, Қ. Телжанов, М. Кенбаева, С. Мәмбеев, Ә. Жүсіпов, т. б. суретшілердің тақырыптық картиналары үлкен үлес қосты.
Ауыл тақырыбы көптеген Қазақстан суретшілерінің назарында болып, әсіресе, шығармашылық жолын 60 - 70 - жылдары бастаған шеберлердің ең басты тақырыбына айналды. А. Айтбаев, Ш. Сариев, Т. Тоғызбаев, Ә. Сыдыханов, О. Нұржұмаев, А. Ақанов шығармаларына өзіндік дүниетаным, өмірді кең көлемде тани білу, символикаға құштарлық тән болды.

ІІІ саты Оқу, аудару
3 - тапсырмада берілген мәтінді оқып, аудару тапсырылады.
Әбілхан Қастеев (1904 - 1973) – Қазақстан Республикасының халық суретшісі, Ш. Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Алғашқы қазақ суретшілерінің бірі Әбілхан Қастеев өзінің талантымен Қазақстанның бейнелеу өнері тарихындағы жарқын құбылысқа айналды. Оның есімі ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізге өмірі мен дарынын өз халқына толықтай арнап, шексіз беріле еңбек еткен Ш. Уәлиханов, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ш. Айманов, Ә. Марғұлан, Қ. Сәтбаев сынды атақты қайраткерлерімізбен қатар тұр.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама