Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Әбу Насыр әл - Фараби туралы аңыздар. Сағыныш сазы
Сабақтың тақырыбы: Әбу Насыр әл - Фараби туралы аңыздар. Сағыныш сазы
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Әбу Насыр әл - Фараби өмірімен таныстыру, олар туралы қосымша мағлұматтар беру.
Дамытушылық: оқушылардың тіл байлығын, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: халыққа еңбек етуге, адал болуға баулу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, баяндау, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: әл - Фараби портреті, нақыл сөздер.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Жаңа сабақ.
Әбу Насыр әл - Фараби Отырар қаласында 870 жылы өмірге келген. Ерте кезде арабтар Отырар қаласын Фараб деп атаған. Содан ұлы ұстаз Фараби аталып кеткен. әл - Фараби Отырарда алғаш рет қыпшақ тілінде білім алған. Ол парсы, араб, түркі тілдерін меңгерген. Грекше, латынша білген.
Дүние жүзінің ғалымдары оның ғұламалығын ерекше бағалап, Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» деп атаған.

Мәтінмен жұмыс.
«Өнерлі жігіт», «Сағыныш сазы» мәтіндерін түсініп оқу.
Мазмұны мен идеясын ашу.
Сөздік жұмысын жүргізу.
Оқушыларға тізбектей оқыту.
Әбу Насыр әл - Фараби қайда туып - өскен?
Отырарды арабтар қалай атаған?

Мәтін мазмұнына сай мақал - мәтелдер айтқызу.
Өнерлі жігіт өрге озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.
Ұстаздан шәкірт озар.

Білімдінің алды - жарық,
Білімсіздің түбі ғарып.

Ой түбі - алтын,
Ойлай берсең, аларсың.

III. Сабақты бекіту.
Төменде берілген мақал - мәтелдерді пайдаланып, өзің тақырып таңдап, шағын шығарма жаз.
Ақылдан артық байлық жоқ.
Ақыл базарда сатылмайды.
Байлықтың кілті - ғылым.

IV. Үйге тапсырма.
Мәтіндерді түсініп оқып келу.
Фараби жайлы басқа да әңгімелер тауып оқып келу, қосымша мәлімет жинау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама