Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Адам және оның дене мүшелері туралы жұмбақтар
Адам және оның дене мүшелері туралы жұмбақтар
Сәуле астында жүз ине.
(Кірпік)

Асқар тауда қара орман.
(Шаш)

Өзімнен өзгенің бәрін көрем.
(Көз)

Ти десем тимейді,
Тиме десем тиеді.
(Ерін)

Қатар – қатар тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым.
(Тіл мен тіс)

Көрмеген ешкім,
Дәмін татып.
Қара орман асты,
Ұйыған қатық.
(Адамның миы)

Құрамалы сырық,
Берсең ырық.
Кетесің тұрып,
Барасың жүріп,
Қаласаң,
Отырасың бүгіп.
(Аяқ)

Бір бұтақта – бес тармақ,
Бәрінде бар мүйіз қалпақ.
(Бес саусақ)

Бір беткейде екі көл.
(Көз)

Сөз ұққыш –
Қос тұтқыш.
(Құлақ)

Есігін ашсаң,
Сайраған бұлбұл.
Есігін жапсаң,
Жайраған құр күл.
(Тіл)

Отыз екі батыр,
Екіге бөлініп,
Қамалып жатыр.
(Тіс)

Қабақта бар қалың тоғай,
Жолсыз – ақ табарсың оңай.
(Қас)

Алқапты бар биік тау,
Алды тік жар қиық тау.
Қос үңгірі желдетіп,
Ауа жұтар селдетіп.
(Мұрын)

Қатар жатқан қос ін,
Аң кірмейтін бос ін.
(Танау)

Қос жиек,
Ортасы
Ақ сүйек.
(Ерін)

Өсіп тұратын демде,
Бұтақ сайын теңге.
(Тырнақ)
Әртүрлі жұмбақтар қарау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама