Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Адам қалай есейеді?
Жаратылыстану 1 сынып
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адам
Сабақ тақырыбы: Адам қалай есейеді?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 1. 2. 3. 2 адам өмірінің кезеңдерін сипаттау;
1. 2. 3. 3 адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау
Құндылықтарды дарыту: Отбасы мүшелерін құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу
Пәнаралық байланыстар: Математика(1, 2, 3 сандары арқылы топқа бөлу)
АКТ қолдану дағдылары: Видеожазба, таныстырылым
Бастапқы білім: Адамның дене мүшелері туралы біледі

Ұйымдастыру кезеңі
1, 2, 3 сандарымен «Жіктеу» тәсілі арқылы топқа бөлемін
(Ұ) Ширату жаттығуы «Сұрақ қою және талқылау» әдісі
Өткен сабақты пысықтау
1. Адамның қандай дене мүшелері бар?__________________
2. Қол қандай бөліктерден тұрады?______________________
3. Аяқ қандай бөліктерден тұрады?______________________
4. Денеміздің қай мүшесі маңызды деп ойлайсың?_________
5. Орныңда тұрып секір. Тоқта. Қарындашты ал.
Осы әрекеттерді орындауға саған денеңнің қай мүшелері көмектесті._____________________________

Топтық жұмыс. (саралау жаттығуы) «Зерттеу барысында бірлесіп жұмыс істеу»әдісі
1. Суретке қарап адам өмірінің кезеңдерін сипатта
2. Суреттен адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықта
3. Өзіңнің өсуің мен дамуыңды өмір кезеңіңе сәйкес орналастыр

Қ. Б. «Бағдаршам»әдісі
Жеке жұмыс. Зерттейік!
Отбасыңда қанша адам бар. Олардың жастары нешеде? Кестеге олардың аттарын жаз.

Мектеп: 57жалпы орта мектеп
Мұғалімнің аты - жөні: Кадирова Журсин Раймхановна
Адам қалай есейеді? жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама