Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Адамды адам еткен еңбек
Сабақ тақырыбы: Адамды адам еткен еңбек
Сабақ мақсаты: «Адамды адам еткен еңбек»деген ұғымның мағынасын ашу.
Сабақ міндеттері:
1. Оқушыларға жануарлардың тіршілігі бақылауды үйрету. «Адам - табиғаттың бір бөлігі»деген тұжырымды дәлелдеу.
2. Адамның іс – әрекетін жануарлардан ажырата білу дағдысын дамыту, есте сақтау, шыдамдылық, жіті бақылау, логикалық ойлау сияқты қабілеттерін жетілдіру.
3. Сабақ барысында еңбекқорлыққа, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Жануарлар әлемі» бейнетаспасы, суреттер, «Тарихи деректеме» кестесі»

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Табиғат туралы өлең оқылады.
- Бүгін адамның табиғаттан не үйренгенін оқып білеміз.
2. Сабақтың тақырыбы және мақсатын хабарлау
3. Пікір алмасу.
Оқушылар бір - біріне сұрақтар қою арқылы жұмыс.
- Адам табиғаттан нені үйренеді?
Оқушылардың жауабы тыңдалады.
- Дұрыс. Бүгін тағы өткен өмірге саяхат жасаймыз.
Сабақ барысында. «Тарихи дереккөз» кестесі толтырылады.

2. Оқулықпен жұмыс.
1. «Адамды адам еткен еңбек» мәтінін оқытып, негізгі мағынасын белгілету.
2. Мәтін бойынша қазіргі заман адамының ерекшелігін көрсететін салыстырмалы саралау жұмысын жүргізу. Тірек сызба құрастырылады.

Қазіргі заман адамы --------------------------- Жануарлар
Үй, қабырға, қоршаулар соғады ----------- Аралар, құстардың ұясы
Аспанға ұшу -------------------------------------- Құстардың ұшуы
Оқушылар салыстыруды жалғастырады.

3. «Адамды адам еткен еңбек екенін білу үшін қандай тарихи деректемелер пайдаланады?» деген сұраққа жауап алу.
4. Сабақты қорытындылау
- Тарих дегеніміз не? Ғалымдар ненің арқасында көне заман туралы біледі? Мына кестеге қарайық.

Тарихи дереккөз
Заттық дереккөз – Еңбек құралдары, үй шаруашылығындағы ұстайтын аспаптар, қару жарақ, әшекейлер, қираған ғимараттар.
Жазбаша дереккөз - Шежіре, хаттар, хандардың жарлығы, іс - қағаздары, әңгімелер т. б.
Ауызекі дереккөз - Ертегі, мысал, жыр, өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, аңыздар.

3. Бақылау
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы әңгіме оқылады.
Үйге тапсырма беру. Еңбек туралы бақылауларын бақылау күнделігіне жазу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама