Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Адамның әрекеті нәтижесінде атмосфералық ауаның ластануы
«Адам әрекеті нәтижесінде атмосфералық ауаның ластануы» тақырыбындағы ғылыми жобасы

Кіріспе
Ғылыми - техниканың ғарыштап дамуы табиғатты тиімді пайдалану ісін ұйымдастыруда адамзаттың алдына бірқатар жаңа міндеттер қойып, табиғатты қорғаудың көптеген мәселелерін шиеленістіріп жіберді. Табиғат ресурстарын пайдалану көлемінің артуы, тұрған ортаның өндіріс және тұтыну қалдықтарымен ластануының өсуі, адамзаттың энергиямен қарулануының артуы, жаңа заттар жасап өндірістің жаңа салаларының пайда болуы, ауыл шаруашылығын интенсивтендіру, халқы көп ірі қалалардың көбеюі негізгі шешімін тезірек табатын мәселелердің қатарына жатады. Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендік әсерінен болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп соғады. Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп индустриялық революцияның өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді. Қазіргі кезде адамның іс - әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда. Кейінгі кезде атмосфераға жыл сайын 400 млн. т. күкірт диоксиді, азот және көміртек оксидтері, қатты бөлшектер шығарылатыны анықталды.[2, 142 - бет]

Адам әрекеті нәтижесіндегі атмосфералық ауаның ластануын зерттеудегі мақсат: Табиғи ресурстарды пайдалану кезіндегі Қазақстан республикасының экологиялық ортасы мен шаруашылық қызметтерге табиғи ресурстарды пайдаланудағы қоршаған ортаға әсері мен кері әсерін төмендету шараларын орындауды бағалау мен талдау.

Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
Зерттеу жұмысында қоршаған ортаның, атмосфералық ауаның ластану көздері айқындалып көрсетілген.

Жұмыстың орындалу әдістері:
Деректермен танысу, мәліметтерді жинақтау, қорыту, жүйелеу және салыстырмалы талдау жасау.

Міндеттері:
Экология саласында білім берудің аясын кеңейте түсу.
Қоршаған ортаны қорғау шараларына үлкен мән беру.

1. Негізгі бөлім
1. Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер.
Өндiрiстiң қарқындап дамуына және отын түрлерін кең масштабта жағуға байланысты атмосферадағы бос оттектің қоры азайып, ал көмірқышқыл газының мөлшері жоғарылауда. Нəтижесiнде табиғаттағы көмiртектiң айналымы бұзылды деуге болады. Адам баласы отты ең алғаш рет қолданған күннен бастап осы күнге дейін түрлі жану процестерінде 273 млрд. тонна оттегі жұмсаған болса, соның 246 млрд. тоннасы, яғни (90% ға жуығы) соңғы жарты ғасырда ғана жұмсалған. Көмiртек айналымының бұзылуы мен атмосферада көмiрқышқыл газының концентрациясының жоғарылауы Жердегi барлық химиялық тепе - теңдiкке үлкен əсер етедi.
Атмосфералық ауа — түрлi газдардың қоспасы. [ 6, 27 - бет]

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама