Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Адамның дене мүшелері
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы
№ 31 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Әбіласанова Гүлнар

Сабақтың тақырыбы: Адамның дене мүшелері.
5 - сынып.
Мақсаты; Шылаудың жазылу ережелерімен таныстыру, сөйлем мен сөз тіркестерін құрату.
Дамытушылық; Шылау туралы білімдерін толықтыру, ойын жинақтай білуге дамыту.
Тәрбиелік; Сауатты жазуға, Отанын, елін, қорғауға, құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, оқулық, үлестірмелі парақшалар.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын сұрап шығу.

- Балалар, біздер қандай грамматикалық тақырып өттік?
- Шылау.
- Ал, қандай лексикалық тақырып өттік?
- Уақыт өлшемдері.
Олай болса, кәне, балалар, осы өтілген тақырып бойынша бір жұмбақ шешіп жіберейік.
Таңертең төрт аяқты,
Түсте екі аяқты,
Кешке үш аяқты.
Бұл не?

Оқушылар шешті. Шешуі; Адамның сәби, жігіт, қарт кезі.
Енді балалар таңертең кешке, түсте бұлар нелер?
-- Бұлар уақыттар, мезгілдер.
Ал аяқ деген адамның дене мүшесі.

Сонымен бүгінгі біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы адамның дене мүшелері.
Оқушылар дене мүшелерін айтып шығады. Олардың қандай қызмет атқаратындығын оқушылар айтып шығады.
Енді мен сендердің сөздеріңді толықтырып жіберейін.
Интерактивті тақтаға қараймыз.
- Екі көзің не үшін керек?
- Жақсыларды көру үшін.
- Екі қолың не үшін керек?
- Елге көмек беру үшін.
- Құлақ деген не үшін керек?
- Ақыл кеңес тыңдау үшін.
- Тіл мен жағың не үшін керек?
- Ақиқатты айту үшін.
- Ал аяғың не үшін керек?
- Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.
Оқушылар оқып шығып, дәптерлеріне жазып алады. Осы өлеңде шылау бар ма?
- үшін.
- Ол қандай шылау?
- Септеулік шылау.
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы 1 - тапсырмада сурет бойынша сұрақтарға жауап беріп, адамның дене мүшелерін атап көрсету.

2 - тапсырма жазбаша орындау. Емес шылауын пайдаланып, сұрақтарға жазбаша жауап беру.
Келесі тапсырма.

Үлестірмелі парақшалармен жұмыс.
Мына шылауларды пайдаланып, сөйлем құрау.
Үшін, туралы, арқылы, сияқты, кейін.
Мысалы: Адам үшін күн қандай керек болса, ауа, су, от та сондай қажет.
Адам туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?
Мына сөз тіркестері қандай сөз таптарынан жасалған?
Қара емес сын есім + шылау
Қара шаш сын есім+зат есім.

Барған емес етістік шылау
Үйге қарай үстеу шылау.
Бесеу емес сан есім шылау.
Бекіту сұрақтары. 1. Адамның дене мүшелерін атап шығу.
2. Шылау дегеніміз не?
3. Шылаудың неше түрі бар?
4. Шылаудың неше түрі бар?

Үйге тапсырма Шылауларды қатыстырып сөйлемдер құрау.
Бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама