Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Әдебиет шыңына апаратын соқпақ (Халық ауыз әдебиеті)
Әдебиет 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Әдебиет шыңына апаратын соқпақ»
(Халық ауыз әдебиеті)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Халық ауыз әдебиетінен өткенді еске түсіріп, қайталата отырып, әр жанры бойынша оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру.
2. Дамытушылық мақсаты: Өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты, мәдениетті оқырман дайындау. Ауызша да еркін, шешен, көркем сөйлеуге, жаза білуге үйрету, осы мәселелердегі машықтарын дамыту.
3. Тәрбиелік мәні: Туған халқының тілі, оның әдебиетіне деген ұлттық сезімдерін тәрбиелей отырып, эстетикалық талғамын, әдебиетке деген қызығушылыққа әсер ету.
Сабақтың көрнекілігі: «Әдебиет шыңына апаратын соқпақ» плакаты, венн диаграммасы, семантикалық карта, үлестірме материалдар.
Сабақтың түрі: топтық, жұптық сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, ассоциация, венн диаграммасы, түртіп алу әдісі, семантикалық карта.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Жаңа сабақ түсіндіру
Әдебиет пәні – сөз өнері пәні. Сондықтан да әдебиетті оқытудың басты мақсаты – оқушыларды сөз өнерінен қыр - сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы - әдебиетін жан - жақты игерту. Оқушының ой - пікірі, ой әсерін қалыптастырып, шығармашылық қабілетін ояту. Сондықтан да халық ауыз әдебиеті түрлерінен өткенді қайталау сабағын «Әдебиет шыңына апаратын соқпақ» деп атадым. Бұл әдебиет «шыңына» жету үшін өздеріңіз көріп отырғандай жеті аялдама арқылы өтеміз. Бұл ауыр да, қиын соқпаққа жаңа ғана түскен жас буын өкілдері – халқымыздың асыл да, мол мұрасы бейнелі сөз маржандары мен халық ауыз әдебиетімен жаңа сусындап жатырмыз.
Алдарыңыздағы жеті аялдама халық ауыз әдебиетінің негізгі жеті түріне байланысты сұрақ тапсырмаларды орындау арқылы, яғни қазақ дүние танымындағы жеті бұлағына керуен сапарға шығамыз. Керуен сапарға шықпас бұрын халық ауыз әдебиет түрлерін еске түсіріп алайық.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама