Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Әдебиеттік оқудан күнделікті сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Тоқсан жолдың торабы.

Әдебиеттік оқу. 1 - сабақ
Сабақтың мақсаты: а\ Білімділігі: Өлеңді мәнерлеп оқи отырып, әр түрлі жолдар арқылы жан – жақтағы елдермен байланысымыз туралы түсінік беру.
ә\ Тәрбиелілігі: Отанын сүюге, қорғауға, мақтан ете білуге тәрбиелеу.
б\ Дамытушылығы: Оқушылардың ойын, қиялын біліктілігін дамыту.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, салауаттану.
Әдісі: сұрақ - жауап, баяндау.
Түрі: аралас.
Күтілетін нәтиже: Қазақстан жеріндегі жолдарды білуі; елін, жерін, мәдениетін сүйе білуі; Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
«Ұшты - ұшты не ұшты?» ойыны. «Есте сақтауын дамыту»

ІІ. Жаңа сабаққа дайындық.
а\Жұмбақ шешу.
Құс сияқты, құс емес,
Самғап ұшқан биікке.
Қақпайды бір қанатын,
Жүрсе де тым биікте. /ұшақ/
ә\Қандай көлік түрлерін білесіңдер?
б\Астана қаласы туралы әңгімелеу.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
2. Оқушылардың мәнерлеп оқуы.
3. Түсініксіз сөздермен жұмыс.
4. Сұрақтар мен тапсырмалар:
а\Тоқсан жолдың торабы дегенді қалай түсінесің?
ә\Үлкен қалаларды қосатын қандай жолдарды білесің?
б\Аталған өзен - көлдерді картадан көрсету.
Сергіту сәттері.«Есте сақтауын дамыту»
Орнымыздан тұрайық
Алақанды соғайық
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып алайық

5. Жаңылтпашты жаңылмай айт.
Тарау - тарау жолдардың
Тарау - тарау саласы бар.
Салалардың да
Тарау - тарау аласы бар.
Арасының да тарау - тарау
Саласы бар.
Дидактикалық ойын «Кімге жұмыс істеу үшін не қажет?»
Балаға құрал - саймандарды таңдап, оның маңыздылығы туралы айтып беруді ұсынады.

IV. Сабақты бекіту.
1. Суреттегі көлік түрлерін ата.
2. Қайсысы қайда баратынын сызба арқылы көрсет.
3. Өлеңнен сөз тіркестерін тап.
V. Үйге тапсырма.
Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқы.
Өзен - көлдер туралы жұмбақ жина.
VI. Бағалау.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама