Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Әдептілік - әдемілік
Тәрбие сағаты 1 - сынып
Тақырыбы: Әдептілік - әдемілік
Мақсаты: Мектепке алғашқы күннен бастап сәлемдесе білуді. қоштаса білуді, рахмет айтуға, артық іс әрекеттеріне кешірім сұрауға, ілтипаттылыққа, айналадағы әсемдікті танып, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілік: буклет «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен», оқушылардың қолдан жасалған бұйымдарынан көрме, қанатты сөздер
Сынып іші сай безендіріледі Қанатты сөздер ілінеді.
Мұғалім:- Құрметті ата - аналар! Ұстаздар! Бүгінгі ертеңгілікке қош келіпсіздер! Егеменді еліміздің болашақ адамы мәдениетті, тәртіпті адамгершілігі мол болу керек. Ата – ананың тілегі сендердің жақсы азамат болып, өсулерің. Оқудағы жетістіктерің, жақсы тәртіптерің ата - ана үшін зор қуаныш. Осы бақытқа жетудің кілті - әдептілік. Міне, көңілге ұнаған нәрсені «жақсы» «әдемі» деп айтамыз. Ертеңгілігіміз де «Әдептілік - әдемілік» деп аталады.
- Тамсандырып баршаны, аңыз болған көп елге.
Айтыңдаршы, қанеки, әдептілік деген не?
Оқушы: сәлемдесу, рахмет айту, қош айту, рұқсат сұрау
Мұғалім:-
- Ойдағы мен қырдағың, құлақ қойып тыңдасын.
Әдепті бала бастасын, ертеңгіліктің бастауын.
1 - оқушы:
Тәрбиенің аңсары
Абай атам айтқандай.
Әдептілік бастауы
5 асыл боп табылған.
Көптің ойын бүрлетіп,
Әдеп жайын қозғасын.
Бастайық сол үлгі етіп,
5 Асылдан сөз басын.
2оқушы:
Ғылым таппай мақтанба.
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба.
Ойнап босқа күлуге.
5 нәрсеге асық бол!
5 нәрседен қашық бол!
Адам болам десеңіз.
3 - оқушы:
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ.
Бес дұшпанын білсеңіз!
4 - оқушы:
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рахым ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз!
Бәрі саған керек қой,
Ұлы өмірің ертеңгі.
Бес асыл іс бұл арлы
Үлгі болған ғасырдан
Ардақтап өс жасыңнан!
1 - оқушы:
Байқаусызда біреумен,
Қақтығысып қалсаң сен.
Не ағаттық сөз айтсаң.
Не дер едің оған сен?
Оқушылар:- КЕШІРЕРСІҢ деу керек
2 - оқушы:
Әкең сенің үстелге
Қант, кәмпит қойды мол.
Жұрттан бұрын ыдысқа,
Өз бетіңмен салдың қол.
Не дегенің жөн еді?
Оқушылар:- РҰҚСАТ ПА? деу керек

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама