Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 сағат бұрын)
Әдептілік - әдемілік белгісі
Жамбыл облысы,
Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы
«Балапан» балабақшасы тәрбиешісі:
Куандыкова Акмарал Кайратовна

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Әдептілік - әдемілік белгісі».
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың әдептілік туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Көрініс арқылы адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. Көрнекі суреттер арқылы зейін, логикалық ойлауын дамыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Тілдік сөздік қорын байыту, байланыстыра сөйлеуге үйрету, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Тақырыпқа сай суреттер.
Әдіс – тәсіл: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Билингвалды компонент: Адал - честный, ақылды - умный, әдепті - воспитанный.
Кейіпкер: Әже.
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбер
Үлкенге де сіз!
Кішіге де сіз!
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз!

Әдепті бала әр қашанда сәлемдеседі. Үлкен кісілермен амандасады, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.
Бүгін біздің оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы «Әдептілік - әдемілік белгісі». Осы әдептілік ережесін сақтаумыз керек. Ендеше әдепті бала дегеніміз не? Әдептілікке не жатады?

- Ал енді балалар бәріміз мына суреттерге назар аударайық.
Мына суретте бір бала автобустың алдыңғы орындығында жайғасып келе жатыр. Алдыңғы есіктен қолындағы сөмкесін әзер көтеріп әжей кірді. Бала әжейді көрмегендей отыра берді.
- Осы баланың істеген ісі дұрыс па?
- Ал балалар сендер не істер едіңдер?
- Баланың ісі әдептілікке жатады ма?
Балалармен суретпен жұмыс жасайды. Әр суреттің мазмұнын ашып айтады.

Демек, адам бойында жақсы - жаман қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылық пен кішіпейілділікті инабаттылықты, шыншылдықты ата - аналарымыз, ұстаздарымыз үйретеді екен.
Сөздік жұмыс
Билингвалды компонент:
Тосын сый
Адал - честный, ақылды - умный, әдепті - воспитанный.

Осы кезде топқа құлаққаппен өлен тындап кележатқан, екі көзі ұялы телефонда кішкентай қыз кіріп, тәрбиешіге соғысып қалады.
- Балақай сен кімсің?
- Сен не ән тыңдап жүрсің бе?
- Сен неге алдыңа қарамайсың?
- Балалар үйде, көшеде осылай жүруге болады ма? Осы ісі дұрыс па?
Қыз:
- Менің атым Айлин. Анам маған үй шаруасына көмек бер деп сұрап еді. Ал менің оған көмектескім келмейді, мен ұялы телефонмен ойнағым келеді.
- Балалар Айлиннің осы ісі дұрыс па? Анасына көмек бермей, кетіп қалуға болады ма?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама