Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында тиімді әдістер мен жаттығуларды пайдалану
Тақырыбы: «Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында тиімді әдістер мен жаттығуларды пайдалану»

Жоспары
І. Кіріспе
1. 1. Ағылшын тілін оқыту – заман талабы
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында тиімді әдістер ұсыну
2. 2. Тыңдау, түсіну және сөйлеу дағдыларына арналған жаттығулар
2. 3. Тәжірибе алмасу мақсатында әріптестермен практикалық жұмыс

ІІІ. Қорытынды
Шет тілдерін үйрену, әсіресе ағылшын тілі қазіргі – заманның қажеттілігі.
Н. Ә. Назарбаев.
І. Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдинеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру — өзекті мәселелердің бірі. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Біз алдағы уақытта осы алған бағытымыздан таймай әлемдік биіктерді бағындыра беретін боламыз. Сондай биік белестердің бірі – Қазақстанның дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі. Ол мақсатқа жету үшін, ең алдымен, әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болу керек» деген болатын. Сонымен қатар осы мақсатқа жету жолдарымен де таныстырып өтті. Тіл мәселесін сөзге тиек ете отырып, Н. Ә. Назарбаев қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді біліп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін айтты. Сонымен қатар ағылшын тілін кеңінен білмейінше, ұлттың бәсекеге шынайы қабілеттілігі туралы айту қиын болатындығын ескерте отырып, барлық ата - аналарды балаларын үш тілде оқытуға шақырды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев биылғы халыққа арнаған “Қазақстан халқының әл - ауқатын арттыру — мемлекеттік саясаттың басты мақсаты” атты Жолдауында Үкіметтің алдына “Тілдердің үш тұғырлығы” мәдени жобасын іске асыруды жеделдету міндетін алға қойып отыр.
Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында тиімді әдістер мен жаттығуларды пайдалану. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама