Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Әкенің отбасындағы рөлі
Әкенің отбасындағы рөлі.
Әке әрбір отбасының темірқазығы, ұйтқысы, қорғаушысы және тірегі. Әке отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. Әкенің қадірін түсінген адам ғана бағалай біледі.«Әкеге қарап ұл өсер» деген тәмсіл бар. Мағынасына тереңірек ұғынар болсақ, бір ауыз сөзден санаға түйетін сансыз ұлағат жатыр. Расында, жас ұрпаққа ғана емес әкелерге де жауапкершілік жүктеліп тұрғандай. Әкенің бойындағы жақсы мен жаманды қасиеттерді, баланың бойынан көрсек болады. Бала не көрсе, соны өзіне қабылдайды. Сондықтан, әкенің балаға берер тәлім - тәрбиесінде өнеге іс - әрекетін көрсете білуге тиіс деп ойлаймын.
Бұқар жырау айтқандай «Әкелі бала - жаужүрек, жиын тойға барады, төрден орын алады, бітіреді жұмысын тастан да өткізер жебесін»дейді. Балаға қорған болған әкесінің арқасында аяғын алшаң басып, басын тік ұстап, бар шаруасын бітіріп, алдына кездескен кез – келген қорғанды бұзуға дайын болады. Ал «Әкесіз бала сужүрек, жиын тойға барады босағада қалады»дейді. Яғни жасқаншақ болатынын меңзеп тұр. Сондықтан біз бала тәрбиесінде әкенің қаншалықты маңызды рөл ойнайтынын білуге болды. Бірақ қазақ өз құндылықтарына қайтып оралмайынша әкенің отбасындағы рөлі төмендей береді.
«Бір әкенің тәрбиесін - жүз мектепте бере алмас»- деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Сол себепті де бала тәрбиесін халқымыздың ежелгі озық дәстүрлерін негізге ала отыру керек. Бұрындары әкенің қас қабағынан, қаһарынан сескеніп өскен балалар әкенің қадір - қасиетін жақсы білетін Балаға әкесінен қорыққандықтан емес, әкенің отбасындағы басты адам екенін сезініп, ер азамат ретінде көретін. Әкеден тәрбие алған қазақ баласының әкеге деген осылайша құрметі арта түседі.
Осылайша әкеден тәрбие алған қазақ баласының жаман болмасы анық. Әкелеріміздің амандығын, өсіріп жеткізген балаларының қызығын көруге нәсіп еткізсін. Бар баланың бақытына бір Алладан кейінгі панасы «Әкелер» аман болса екен деймін.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама