«Алаш Көсемсөзі» кітабы. «Таң» журналында жарияланған мақалалар жинағы 6-Том
Шайбай Аймановтың «Бұлбұл дауысы» атты туындысы 1925 жылы, сәуір айында 2-санында әдебиет бөлімінде жарияланған. Бұл туынды бір жағынан «Жазғы кеш» деп те келтіріледі. Бұл туынды да жаздың қоңыр салқын, кеш батып жатқан кезді сипаттап көрсетеді. Кешкі мезгілге жақындап қалған уақытта төсіліп жатқан кең дала мен екінші жағында бейнеленген орманды келтірген. Сол бір кешкі уақытқа жақындаған сәтті айқын бейнемен, бұлақтың сыңғырлаған дауысын, бұтақтан бұтаққа секіріп жүрген торғайларды да бейнелеген. Кең далада тігілген киіз үйлер мен қатар көкпар, ат шабыс, домбырамен ән айтып жатқан және де күресіп жатқан күресшілерді бейнелейді. Сол бір әдемі суретті қоштап тұрған бұлбұл дауысы, бір-бірімен үйлесіп тұр. Ал сол бұлбұл дауысы орман жақтан шығып тұр. Бұлбұлға қарап, тамсанып тұрған автор арғы жағынан желбір-желбір көйлегімен ойнаған қызды көреді. Ағашқа сүйеніп, бұлбұлға қарап, біресе қып-қызыл шиені аузына салған сәттерін көрсеткен. Солай автор екі көрінсті көрсетіп, бір жағынан сайраған бұлбұлдың дауысын сипаттап, күннің ұясына батқанын айқындап береді.
Мен, осы туындыны оқи отырып, автордың бейбітшілікті аңсағанын, ауылдың ерекше көрінісін көрсеткісі келгендігін түсіндім. Сонымен қатар, қазақтың ерекше халық екендігін, күнде думан той жасайтынын көре алдым десем де болады. Табиғаттың ерекше тылсымды жаратылыс дүниесін автор әдемілеп суреттеген. Яғни бір ғана бұлбұлдың дауысы арқылы көлемді, керемет көріністі байқаған.
Ж. Тәттібайұлының «Ұлт әскері – ұлы іс» атты туындысы 1925 жылы, сәуір айында 2-санында отантану бөлімінде жарияланған. Бұл туынды да совет өкіметі кезіндегі қызыл әскер жайында айтылған. Яғни өзіміздің ұлттық әскерімізді құрмастан бұрын, осы қызыл әскер жайында сөз қозғайық, - деп келтіреді. Сол кездегі қызыл әскердің не себепті құрылғанын да айтады. Яғни ол совет өкіметінің, байлардың байлығын қорғау және де шет елдермен қарым-қатынас кезіндегі келіспеушілік болсын, сол кезде ел жағында болатыны үшін деп те айтқан. Әскерді кезінде ақпан мен қазан көтеріліс кезінде жұмсап отырған деседі. Бірақ та әскер қатарына байдың балалары емес, еңбекші табынан шыққан кісілерді әскер қатарына алып отырған. Сол заманда әскер деген мықты жерлердің бірі болған, ол жерде тек қана әскерге бару ғана емес, білім, тәрбие қатарынан жүрген. Ол жаққа түсетін адамдар өте көп болған. Кезінде әскери школа ашылып, сол жерге ауылдың барлық адамдары ұмтылған екен. Бай да, кедей де әскер қатарына қосылам деп жармасқан.
Ал енді ұлттық әскерге келетін болсақ, өзіміздің әскер қатарын құрып, пайдамыз тисін, ұлтымызды қорғай білейік деген үмітпен әскер жинағысы келген. Кедейлер жарамсыз деген, қисын ойлар туған. Ал ұлттық әскерді құрған кезде, елдің мүддесін қорғау үшін, еңбек ету үшін құрамыз деп келтірген. Бірақ та, бұл оңай жұмыс емес екендігін көре аламыз, деп өз ойларын да қатар келтірген. Қазақты тек қана мал бағып, шаруашылықпен қана айналысатын деп ойламасын, біздің қолымыздан мұндай жұмыс та келетінін айтып қалған. Соған орай 24 жылдың ортасында қазақ ұлттық әскер қатарын құруға бет бұрады. Оны басқаруға совет өкіметін басқарған еңбекшілер секілді, ұлттық әскерді де солай басқаратынын айтты. Яғни ең үлкен мақсат, ұлттық әскер құру ол – қазақтың көзін ашып, болашаққа көз жібертіп, ойланатын кез екендігін ұғындырғысы келді.
Осы туынды арқылы, қазақтың барлық салаға қызыққанын, сол мұжықтар секілді, әскер қатарында болып, ел үшін қызмет еткісі келгенін байқаймыз. Ең негізгі ой ол – ұлттық деген сөз арқылы, тәуелсіз ел болып, өзіміздің елді құрып, өмір сүру үшін талпынған тұлғаларды көреміз.
Қорыта айтқанда, «Таң» журналында жарияланған мақала, әңгіме, өлеңдер мен көптеген жарияланбай қалған шығармалар жинағын осы журналда жариялап отырған. Авторлар өздерінің туындыларын жариялау арқылы, қоғамда болып жатқан өзекті мәселелерді көтерген. Өздерінің шығармашылығын журналдар мен газеттерге жариялау арқылы баспасөздің деңгейін көтеріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеп отырған. Көзі ашық, саналы қоғамды қалыптастырғысы келді, сол кезден бастап әр тұлға болашаққа көз жүгірту арқылы, болашағын ойлаған, соған икемделгісі келген. Тәуелсіздікке қол созған, елді бейбітшілік пен ауызбіршілікке шақырған.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Журналистика факультеті 1 курс студенті
Ұлдана НУРАДИН