Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Алаштың айбыны - Бауыржан Момышұлы
Сабақтың тақырыбы: «Алаштың айбыны - Бауыржан Момышұлы»
Сабақтың мақсаты:
1. Ұлы Отан соғысында елін, жерін қорғап қалуда асқан қаһармандық көрсеткен, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлын әрдайым еске ала отырып, қадір тұту.
2. Оқушыларға батырдың өмір жолын, мәңгі өшпес ерлігін таныстыру 3. Оқушыларды ұлтжандылыққа, бауырмалдыққа, батырлыққа баули отырып тәрбиелеу. Көрнекілігі: Қанатты сөздер, батырдың өмірін бейнелейтін слайдтар, бүктемелер, жұлдызшалар.

Сабақтың барысы:
І. Кіріспе ІІ. Өмірдерек - Хроникалық тәртіп бойынша «Бала Бауыржаннан – батыр Бауыржанға дейін»
ІІІ. Мәнерлеп оқу. Арнау (ақындардың өлең жырлары)
а) М. Мақатаев «Бауыржан Момышұлына»
ә) Қ. Аманжолов «Бауыржан»
ІV. Б. Момышұлының қанатты сөздері V. Жуалы батырлар мекені. VІ. Қойылым (сахналау) «Это исторический человек» VІІ. Әдеби - музыкалық монтаж VІІІ. Қорытынды.

І. Мұғалім сөзі:
Көзінің тірісінде – ақ аты аңызға айналған ұлы тұлға – Бауыржан Момышұлы туралы біз не білеміз? Рас, ол - жаужүрек батыр да, қолбасшы да, қаламгер. Әрине қазақ тарихында батыр да, қолбасшы да, қаламгер де аз болған жоқ. Бірақ олардың ешбірінің даңқы алты алаштан әріге асып көрген емес. Ал, Бауыржан атамызды төрткүл дүние халқы түгел таныды, оның қаһармандық қайсар тұлғасы мен адамзат баласында сирек кездесетін озық ақыл – ойы, қарағайға қарсы біткен бұтақтай алабөтен ірі мінезі естіген жұртты тегіс тәнті етті. Бауыржан Момышұлын өзгелерден даралап тұрған айырықша қасиеті - оның қалам мен қаруды қатар ұстауы, қай кезде де ұлт мүддесін қаймықпай қорғауы. Екінші жағынан алғанда, Бауыржан қазақтың кешегі от тілді, орақ ауызды, әрі ақын, әрі батыр тұлғаларының заңды жалғасы, түйіндей айтсақ, ұлттық рухтың ХХ ғасырдың басындағы айқын көрінісі. «Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде,» - деп жырлар сорлы қазақ мен өлгенде, Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді, Тарихтың түпкірінен сен өлгенде,- деген өлең жолдарынан атамыздың көрегендігін көреміз.

ІІ. Өмірдерек «Бала Бауыржаннан – батыр Бауыржанға дейін»
1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген.
1921 жылы Әулиеатадағы Аса интернатына оқуға келеді.
1924 жылы үшінші сыныпта Шымкенттің жетіжылдық мектебіне ауыстырылады.
1928 жылы мектепті үздік бітіріп, Орынборға келеді. Бірақ әлеуметтік жағдайына байланысты кері қайтады.
1928 - 1930 жылдары бастауыш мектепте мұғалім болады.
1932 жылы Қызыл армия қатарына шақыртылады. Қызметін өтеп қайтқан соң, Шымкент, Алматы өнеркәсіп банкілерінде жұмыс істейді.
1936 жылы Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты бітіреді, сол жылы Қызыл армия қатарына қайта алынып, взвод, рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі болады.
1939 жылы әкесі Момыш қайтыс болады.
1941 жылы соғыс басталғанда 316 - атқыштар дивизиясының жасақталуына ат салысып, сол дивизия құрамында майданға аттанады. Осы жылы Мәскеу түбінде ұрыстар жүргізіп ерлігімен көзге түседі.
1941 жылы 26 қарашада маршал Рокоссовский полк командирі етіп тағайындайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама