Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Алдыңғы доңғалақтардың орнатылу бұрыштарының өлшемін тексеріп реттеу
Тақырыбы: Алдыңғы доңғалақтардың орнатылу бұрыштарының өлшемін тексеріп реттеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Білім алушыларға алдыңғы доңғалақтардың орнатылу бұрыштарының өлшемін тексеріп реттеуді үйрету.
Тәрбиелік: Білім алушыларды кәсіби біліктілікке, жауапкершілікке, топпен біріге білім алып, жұмысқа үйрету арқылы тәрбиелеу.
Дамытушылық: Білім алушылардың ойлау, есте сақтау, қимыл әрекет жасау қабілеттерін арттыру.
Сабақтың түрі: Зертханалық жұмыс.
Сабақтың әдісі: топтық
Көрнекілік: интерактивті тақта, тест сауалдары, үлестірмелі қағаздар, нұсқаулық сұлба, өлшеу құралдары, реттеу жұмыстарына арналған құралдар.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Білім алушыларды түгелдеу.
Сәлеметсіздер ме! Сабаққа дайындықтарыңыз, көңіл - күйлеріңіз қалай?
Көңіл - күйлерің жақсы болса, сабағымызды бастайық.
Үшке бөлініп отырған қалыпта жұмыс істейміз. Алдарыңда зертханалық жұмыстарға арналған құралдар мен нұсқаулықтар. Жұмысқа кіріспес бұрын алдымызға мақсат қояйық, осы зертханалық жұмыстың барысында, алдыңғы доңғалақтардың орнатылу бұрыштарының өлшемін өлшеуді, тексеруді, реттеуді үйренеміз.
Онда мына бейнефильмге назар аударайық, зейін қойып көңілдеріңді бөліңдер, осы бейнефильм қазіргі жасайтын зертханалық жұмыстарыңмен тікелей байланысты.

Енді, осы көрген бейне фильмімізден ой түйіндейік.
1. Жаңа фильмде мына жағдайға неге таңданды?
2. Бағдаршамның қызыл түсінде не істейміз? Тұрамыз, күтеміз, жүрмейміз.
Ал енді мынау слайдқа назар аударайық.

1. Бұл жерде қандай түс басым? Жасыл.
2. Бағдаршамның жасыл түсінде не істейміз?
Енді осы жұмысқа қолданылатын құрал - саймандарға тоқталайық.

3. Өлшеу үшін қандай құралдар керек болады?
4. Тексеру үшін қандай құралдар?
5. Реттеу үшін қандай құралдар керек?
Жасайтын тәжірибелік жұмыстарды жақсы үйрену үшін өткен сабақтардан керегін алайық

Ал енді, осы бөлшектерді өлшеп, тексеріп, реттеу зертханалық жұмыстарымызбен танысайық

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама