Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Алғашқы қоңырау. Тілашар мерекесі
Алғашқы қоңырау
Тілашар мерекесі
Мақсаты: Баланың ойын, тілін дамытып, дүниетанымын қалыптастырып, ана тілінде сөйлеу шеберлігін үйрету, қалыптастыру. Ой – қиялын шарықтау. Өлең жолдарын жаттатқызып, би билеуге үйрету, оқушы бойындағы ерекше қабілетін ашу, тәрбиелеу.

Барысы:
Мұғалім:
- Бақытты балдырғандар, ардақты ата - аналар, құрметті қонақтар тілашар тойы құтты болсын!
Қуаныш бүгін – мереке
Шуағын шашып, тұр әлем.
«Тілашар» тойы мектепте
Шәкірт. Ұстаз. Ата - ана.
Қуанғын бүгін бәрің де.
Ән:» «Сәлем, мектеп!»

1 - оқушы: Ақмарал
Мектеп қамқор анамыз
Оқып білім аламыз.
Өнерпаз болып өсетін,
Біз оқушы боламыз.

2 - оқушы: Нұрдана
Нұр шашып тұр көкте күн
Өмірімнің көктемін
Гүлдендірем деп келдім
Алтын ұя мектебім.

3 - оқушы: Жадыра
Мектеп анам бүгінде
Мектеп алтын босағам.
Мектеп берген біліммен
Марқаяды жас ұлан.

4 - оқушы: Қыдырәлі
Күлім қағып көкте күн
Тал шыбықтай көктедім.
Әлдилейді анамдай
Алтын ұя мектебім.
Ән: «Сүйікті мектебім!»

5 - оқушы: Аякөз
Мектеп, мектеп төңіректеп
Жүруші едім мен кеше
Сұраушы едім, жылаушы едім
Әпкем кітап бермесе.

6 - оқушы: Зарема
Оқуды көп оқимыз
Қызығына тоймаймыз.
Өлең айтып, би билеп,
Өнерден де қалмаймыз.

7 - оқушы: Нұрсауле
Мектеп деген жақсы екен
Қызығы мол думанды
Жақсы көрем бәрінен
Әдемілеп жазғанды.
Жеті жасқа жеткенім
Еркеліктен кеткенім.
Кітабымды қолтықтап
Мектебіме жеткенім.

8 - оқушы: Бауыржан
Үлкендерді сыйлайтын
Кіші қамын ойлайтын
Сүймейміз жат әдетті
Баламыз біз әдепті.
Ән:» «Біз бақытты балдырған!»

Тайтлеуова Кымбат Куандыковна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама