Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Алғыр алтау!
Тақырыбы: Алғыр алтау!
Мақсаты: Балалардың білімдерін тексеру. Математикалық мазмұндағы дидиактикалық ойындар арқылы білімдерін кеңейту. Геометриялық пішіндер мен денелерді табуға үлкен, кішіні салыстыруға, сандарды тура және кері санауға бейімдеу. Жұмбақтар жасыра отырып ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Топпен жұмыс жасауға, ұғымталдыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ – жауап, ғажайып сәт, сергіту сәті, дидактикалық ойын
Көрнекі құралдар: слайд, ойынға қажетті бетперделер.

Іс – әрекет кезеңдері:
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Шаттық шеңбері
Аманбысың, алтын күн!
Аманбысың, жарқын күн!
Маған жылу, жарық бер,
Қуаныш пен шаттық бер.

Тәрбиеші: Балалар көңіл - күйлерің қалай?
Балалар: Керемет.
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қыс.
Тәрбиеші: Қыс мезгілінде неше ай бар?
Балалар: Үш ай бар, желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар!

(Қоңырау шалынады )
Тәрбиеші: Алло сәлеметсіз бе! Мен сізді тыңдар тұрмын.
Сәлеметсіз бе! Мен « Балапан» телеарнасынан қоңырау шалып тұрмын, Ақбота балабақшасының « Көгершін» тобының балаларын « Алғыр алтау!» бағдарламасына шақырамын.
Тәрбиеші: Балалар, бізді алғыр алтау бағдарламасына шақырып жатыр, барғыларың келе ме?
Балалар: Ия
Тәрбиеші: Ендеше уақыт созбай жолға шығайық. Балалар алыс жолға қандай көлік түрлерімен барады?
Балалар: Пойыз, ұшақ.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Ендеше біз ұшақпен жылдам ұшып барайық.
(Ұшаққа отырып Алғыр алтау бағдарламасына келеді).
Балаларды тележүргізуші қарсы алады.
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме! балалар қош келдіңдер. Ал ендеше бағдарламаның шарты бойынша екі топқа бөлінейік.
(Балалар екі топқа бөлінеді. )

Жүргізуші: Балалар мен бүгінгі бағдарламаны жүргізуді өз тәрбиешілеріңе беремін, ары қарай тәрбиеші апай жүргізеді.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, топтарымызға ат қойып, бір – бірімізбен танысайық.
(Екі топтың балалары өздеріне ат ойлап, өз аты - жөндерін айтады. )
Тәрбиеші: Керемет балалар, ойынымызды бастамас бұрын ойын шартымен таныс болыңдар.
( Бір бала шығып зырылдауықты айналдырып, түскен сұраққа дұрыс жауап беріп, тапсырмаларды орындау. Қай топ сұраққа дұрыс жауап берсе бір смайликтен беріп отырамын. Оқу қызметінің аяғында қай топ көп смайлик жинаса сол жеңімпаз болады. )
Сергіту сәті: «Colors song»

(Балалар зырылдауықты айналдырып сұрақтарға жауап береді, тапсырмаларды орындап смайликтер жинайды. )

Қорытынды: Смайликтерді санау арқылы қай топ жеңіске жеткенін анықтап, балаларды мақтап мадақтау.
Балалар бүгін біз қайда қонаққа бардық?
Қандай тапсырмаларды орындадыңдар?
Оқу қызметінен не үйрендік?

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт - Шевченко қаласы, Баутин ауылы
"Ақбота"балабақшасының тәрбиешісі
Тілегенова Ұлмекен Бақдәулетқызы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама