Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Алгоритм және оның атқарушылары
Класы: 6
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм және оның атқарушылары
Бағдарламалық – Оқулық
дидактикалық Практикум (жұмыс дәптері).
қамсыздандыру:

Сабақтың мақсаты: 1. Алгоритм және орындаушы туралы түсінікті кеңейту, оқушыларға алгоритмнің негізгі екенін және оның қолдану аясының кең екендігін көрсету, мысал арқылы алгоритм қасиеттерімен таныстыру; алгоритмді орындау керектігін түйсіну және алгоритм негізінде адам әрекетін автоматтандыру; алгоритмді орындау принципінің мәнін түсіндіре алу; алгоритм командасын орындаушы командасы жүйесімен сәйкестендіру.
2. Оқушылардың алгоритмнің маңыздылығын және қолдану салаларының кеңдігін түсіну, алгоритмдерге тән қасиеттері арқылы қарапайым алгоритмдерді құруды, алгоритмнің формальды орындалу мүмкіндігін түсіну және алгоритм негізінде адам іскерлігінің автоматтандырылуы білу қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Түсіндіру, әңгімелесу
Білім – білікке Оқушылар білуі тиіс:
қойылатын талаптар: - алгоритм не екенін;
- алгоритмнің маңыздылығын және қолдану салаларының кеңдігін түсіну;
- «алгоритм командасы», «алгоритм орындаушысы», «орындаушының командалар жүйесі»
- алгоритмдерге тән қасиеттері арқылы қарапайым алгоритмдерді құруды;
- алгоритмнің формальды орындалу мүмкіндігін түсіну және алгоритм негізінде адам іскерлігінің автоматтандырылуы;
- алгоритмнің формальды орындалу принциптің маңыздылығын түсіндіре білуді;
Оқушылар үйренуі тиіс:
- алгоритмдердің мысалдарын келтіруді;
- алгоритм командаларын орындаушының командалар жүйесімен сәйкестендіруді

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру
Алгоритмдік алдын ала жазбаларды құрастыру процесі алгоритмдеу деп аталады. «Алгоритм» сөзі IX ғасырдағы Орта Азияның ұлы математигі әл - Хорезми атының латынша жазылу – algorithmi – қалпынан шыққан.
Орындаушының белгіленген мақсатқа жетуіне бағытталған түсінікті де дәл ұйғарым алгоритм деп аталады.
Алгоритм ұйғарымдары сондай - ақ команда деп те аталады. Әрбір алгоритм белгілі бір орындаушыға, орындаушының осы алгоритм командаларын түсінуіне есептелген. Орындаушының орындауы мүмкін командалардың жиынтығы орындаушының командалар жүйесі деп аталады.

Алгоритм орындаушысы дегеніміз – құрастырылған алгоритммен басқарылуға тиісті объект немесе субъект. Көбіне алгоритм орындаушысы - АДАМ. Адам орындайтын алгоритмдердің санында шек жоқ. Өйткені адам жасайтын әрбір әрекетті алгоритм деп қарастыра аламыз. Мысалы: таңертең тұрғаннан кешке ұйқыға кеткенше жасалатын бар шаруалар., тамақтану, үй жинау, су тасу, сабақ оқу, жұмысқа келу бәрі – бәрі.

Практикалық тапсырмалар:
1 – топқа:

Оқушылар суреттегі кімдер екенін тауып, Машаға аюға бал жегізуге көмек көрсетеді.
2 – топқа:
Қошақанның кім екенін анықтап, туған жер әнінде баяндалған мәтінге алгоритм құрады.
Ән айтады
Сағынады
Алысқа кетеді
Сағыныш сазы көңілін баурайды
3 – топқа:

Оқушыларға компьютерді қосуға көмектеседі.
Тоқты ажырату
Компьютердің құрылғыларын тексеріп алу
Компьютерді сөндіру
Компьютердің қосу батырмасын басу
Компьютердің токтарын электр көзіне жалғау
IV. Жаңа тақырыпты бекіту
V. Қорытындылау
1. Алгоритмдер әр түрлі есептерді шешуде пайдаланылады.
2. Кейбір амалдар алгоритм арқылы берілген, қарапайым және орындаушыға түсінікті.
3. Алгоритм есеп шығаруды жеңілдетеді, алгоритм құрастырушыға қарағанда орындаушыдан аз білімді талап етеді.
4. Алгоритм нақты орындаушыға құрылады.
5. Алгоритмді орындау ойлауды қажет етпейді, есеп мәні бойынша өздігінен орындалады.
1) Үйге тапсырма «менің 1 күнім» тақырыбына алгоритм құрып келу.
Үйге тапсырма: Алгоритм және оның атқарушылары
Оқушыларды бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама